15 сәуір 2017 20:26

Қазақстанда "Дүлдүл Димаш" атты деректі фильм түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram. Instagram.

Қазақстанда "Дүлдүл Димаш" атты деректі фильм түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фильмді "Хабар" телеарнасы түсірген.


Қазақстанда "Дүлдүл Димаш" атты деректі фильм түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фильмді "Хабар" телеарнасы түсірген.

32 минуттық деректі фильмде Димаш Құдайбергеннің әжесі Миуа Низамутдинова, атасы Құдайберген Айтбаев, анасы Светлана Айтбаева, ҚР еңбек сіңірген әртісі Майрамұхамедқызы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Майра Дәулетбақова, Кеңес Дүйсекеев, ҚР Халық әртісі Лаки Кесоглу, қайраткер Абзал Мухитдинов әншінің тамаша өнері жайлы айтып, баға береді. Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да Димаштың өнеріне пікір білдірді.

"Қазақстаннан шыққан әншілердің сол бір ерекшелігі - олардың орындауындағы ерекше бір табиғаттың байлығы, ерекше бір жан дүниесінің байлығы. Димаш әнді жай шығарма ретінде орындамайды. Ол әр әнді үлкен бір спектакль етіп шығарады", - дейді министр. 

Cондай-ақ, фильмде ҚР Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев мұны бір адамның басына берілген табиғаттың сыйы деп айтады. 

Айта кетейік, бүгін 15 сәуірде Димаш Құдайберген Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан I am a Singer байқауының финалында өнер көрсетеді. Финал сағат 22:00-де, "Хабар" арнасынан көрсетіледі. Алдын ала мәлімет бойынша, Димаш Құдайберген әлемге әйгілі әнші Майкл Джексонның репертуарынан поппури орындайды.

Осыған дейін әншінің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримовтың финал алдында берген сұхбаты жарияланған болатын. "Димаш әрбір сахнаға шыққанда әннің құрылымын өзі ойлап табады. Әрбір әнде өзінің айтатын ойы болады. Бүгінгі өнерінде де солай. Бұл орындайтын нөмірін қарағанда халық Димаштың айтатын ойын түсініп қараса екен дейміз. Әнді жай ғана қарамай, қиялмен қарасын. Себебі бұл жай ғана орындалатын ән емес, Димаш осы арқылы халыққа, адамзатқа ойын айтқысы келеді. Ал нендей ой айтатынын біз құпия қалдырайық..."- деген еді Алпамыс Шаримов сұхбатында. 

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шыққан болатын. Бұл кезеңде қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған.

Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің Астанада Лара Фабианмен бірге ән салатыны хабарланған болатын. "Димаш Құдайберген шақырады" концерті "Астана Арена" сахнасында 27 маусымда өтетіні айтылған еді.

Димаш Құдайбергеннің I Am a Singer байқауындағы ең жарқын сәттері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети