29 қыркүйек 2020 09:00

Қазақстандық әншіге дипломаттардың араласуынан кейін Ресейге кіруге рұқсат етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аружан Ардақ әнші Нұрлан Абдуллинмен. Фото: © instagram/aruzhan_ardak Аружан Ардақ әнші Нұрлан Абдуллинмен. Фото: © instagram/aruzhan_ardak

"Балалар жаңа толқыны" байқауының қазақстандық қатысушысына Ресейге кіруге рұқсат берілді. Бұл мәселе ҚР СІМ мен Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің күш-жігерінің арқасында шешілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Балалар жаңа толқыны" байқауының қазақстандық қатысушысына Ресейге кіруге рұқсат берілді. Бұл мәселе ҚР СІМ мен Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің күш-жігерінің арқасында шешілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше "Балалар жаңа толқыны" халықаралық байқауының финалисі Аружан Ардақ анасы Гүлжан Сабыкеновамен бірге Мәскеуге жетті. Алайда, шақырудың болуына қарамастан, Ресейге Түркия арқылы транзитпен келуіне байланысты қолданыстағы ережеге сәйкес елге кіруге негіз болмағандықтан анасы мен қызын Ресей аумағына кіргізбеді.

"Қазақстандық дипломаттардың айтарлықтай күш-жігерінің нәтижесінде Аружан Ардақ шекарадан өтті және біз оған алдағы конкурста шын жүректен сәттілік тілейміз. Біздің ресейлік әріптестерімізге осы мәселеде көрсеткен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз", - делінген СІМ Telegram-каналында.

Сонымен қатар, ведомство бұл жағдайды ерекше жағдай екенін атап өтті. ҚР азаматтарының назарын РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 635-р өкіміне Қосымшаға сәйкес Қазақстан азаматтары мен ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтарының Ресейге шектеусіз кіруі тек әуе өткізу пункттері арқылы және Қазақстаннан тікелей әуе рейстермен ғана мүмкін екенініне тағы да аударамыз. Қазақстаннан басқа елдерден Ресейге келу осы елдердің тұруға ықтиярхаты болған жағдайда ғана мүмкін. Елшілік өлкідері қазақстандықтарды Ресейге әуе сапарын жоспарлау кезінде осы жағдайды ескеруді сұрады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети