06 маусым 2015 20:56

Қазақстандық "Арқайым" этно-тобы The Spirit of Tengri фестивалінің сахнасында өнер көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Николай Колесников ©Николай Колесников

The Spirit of Tengri 2015 халықаралық этно-фестивальді алғашқы болып қазақстандық "Арқайым" тобы ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Концерт Республика Сарайы алдындағы алаңда өтіп жатыр. Концертті тамашалау тегін. Фестивальді ұйымдастырушы - Tengri FM радиостанциясы, бас серіктес - Kaspi bank.


The Spirit of Tengri 2015 халықаралық этно-фестивальді алғашқы болып қазақстандық "Арқайым" тобы ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Концерт Республика Сарайы алдындағы алаңда өтіп жатыр. Концертті тамашалау тегін. Фестивальді ұйымдастырушы - Tengri FM радиостанциясы, бас серіктес - Kaspi bank.

Ұжым домбыра мен шаңқобызда сүйемелдеумен көмеймен айтудан шеберлік көрсетті. Олармен бірге сахнаға электрдомбырада ойнайтын Aldaspan тобы шықты. Музыканттар бірнеше авторлық шығарманы бірге орындады. Айта кету керек, олар қойылымды динамикалық әуенмен бастап, соңын лирикалық музыкамен аяқтады.

"Арқайым" - шығармашылықтарын көне этностильмен байланыстырған Қазақстандағы алғашқы топ. Топтың солисі Абзал Арықбаев түрлі аспаптарда ойнайтын музыкант, ол көмеймен айту мен шаңқобызда ойнаудан сабақ береді. Топтың тағы бір мүшесі Анар Қасымова Қазақстандағы көмеймен айтатын жалғыз әрі алғашқы әйел.

"Бұл біз үшін үлкен бақыт, біз халықаралық фестиваль аштық. Біз жас топпыз, құрылғанымызға бір жыл ғана болды. Радик Тюлюш, Чылтыс сияқты танымал музыканттармен бір сахнада өнер көрсеткеніміз үшін қуаныштымыз. (...) Біз түрік музыкасын орындаймыз, барлық аспаптар, сонымен қатар көмеймен айту өнері түркі халықтары үшін ортақ жетістік. Мұндай фестиваль басқа елдерде де өткізілуі тиіс. Дәл осы шарада ғана әлемдегі ең мықты музыканттар жиналады", - деді Абзал Арықбаев.

Орта Азиядағы ең үлкен фестивальдің сахнасына келесі болып "Шарапат" тобы шықты. Топтың бұл фестивальге алғаш қатысуы емес. Aldaspan тобының негізін қалаушы Нұржан Тойшы 2014 жылы электрдомбыра мен электржетігенді ойлап тапқан кезде топ Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырған шараға қатысқан болатын. Ұжым этно рок, этно джаз рок стильдеріндегі музыканы электржетіген арқылы орындайды.

Айта кетейік, The Spirit of Tengri -  ең маңызды заманауи этникалық музыка фестивальдерінің бірі. Бұл Ethnoworld жанрында орындайтын әлем музыканттарының басын қосатын үлкен жоба. Фестивальді Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырып отыр. Үлкен шара заманауи этникалық музыканттардың қатысуымен жыл сайын ашық аспан астында өткізіледі. Жоба мәдени мұраны насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети