23 қазан 2022 19:00

Қазақстанның өркендеуіне бәрі жеткілікті - Байғали Серкебаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал музыкант, A'Studio тобының жетекшісі Байғали Серкебаев - ER-BATYR жобасының жаңа қонағы. Сұхбат барысында ол неге футболшы бола алмағаны, Батырхан Шүкеновпен қалай танысқанын, "Джулия" хитінің шығу тарихы, сондай-ақ, қыздарын қалай тәрбиелейтіні, ата-ананың миссиясы және Қазақстан болшағына қалай қарайтыны туралы айтып берді.


Танымал музыкант, A'Studio тобының жетекшісі Байғали Серкебаев - ER-BATYR жобасының жаңа қонағы. Сұхбат барысында ол неге футболшы бола алмағаны, Батырхан Шүкеновпен қалай танысқанын, "Джулия" хитінің шығу тарихы, сондай-ақ, қыздарын қалай тәрбиелейтіні, ата-ананың миссиясы және Қазақстан болшағына қалай қарайтыны туралы айтып берді.

Жаңа бөлімді ER-BATYR YouTube арнасынан тамашалай аласыздар. Жобаның серіктесі - Tele2 ұялы байланыс операторы.

Жоба қонағы "Джулия" әнінің қалай пайда болғаны туралы айтты. 

"Шығармашылығымыздың дамуы "Джулия" әнінен басталды, біз бұл әнді жазғанда, шынымды айтсам, әннен қысылатынбыз, өйткені ол бізге өте қарапайым, попса сияқты көрінетін. Кейін Мәскеуден "Круиз" тобы келіп, біздің дайындыққа келді. Біз барымызды көрсеттік, "Біздің тағы бір әніміз бар, бірақ ойнайық па, жоқ па, білмей тұрмыз, жақсы, ойнап көрейікші" дедік. Олар: "жігіттер, бұл хит қой" дейді. Біз "иә, жақсы ән, бірақ біз мүлде басқа нәрсе қаладық" деп жауап бердік. Әннің пайда тарихы туралы айтатын болсақ, бұл да қызық болар еді деп ойлаймын. Ешкімнің көңіл-күй болмаған кез болды, бәрі қиындап кетті. Ісіміз алға баспай, бізді ешкім гастрольге алмады. Біз негізінен Қазақстанның кейбір колхозына, совхозына, ауылдарына баратынбыз. Бірде Батыр екеуміз дайындық бөлмесіне келіп, біраз музыка тыңдадық, синтезаторым бар еді, мен тембір қосып, осы рифті ойнадым. Келесі күні дайындықта отырып, әнді ойнап көрдік, қайырмаы, кейін бридж пайда болды. Әрине, әнге сөз ойлап табуымыз керек еді. Батыр өз ойынан "бла-бла-бла"деп, бір ағылшын сөзі, бір итальян сөздерін араластырып, әнді айта бастады. Нағыз "винегрет" болды. Біздің дайындыққа достарымыз жиі келетін, бірде ағылшын тілін жетік меңгерген, Достық үйінде жұмыс істейтін досымыз келді. Ол ән не туралы екенін сұрап, "Virgin? Ән пәк қыз туралы ма?" деп сұрады. Біз "жоқ, бұл жай ғана абракадабра, мағынасыз сөздер жиынтығы" деп бәріміз күліп алдық. Оралға гастрольдік сапармен бардық, кешке сонда өнер көрсететтік.  Володяға, не істеу керегін ойланшы дедік, Солай Virgin-нен "Дж" дыбыстық комбинациясын қалдыруға шешім қабылдадық. Вова "Мүмкін Джули?" деп ұсынды. Сол кезде біздің топтың директоры, концерттік менеджеріміз Алекс Булгамер бізбен жұмыс істеген. Ол неміс еді, ал сол жылдары үлкен эмиграция толқыны басталды. Джулиді эмиграцияны бейнелейтін толқын ретінде көрсеткіміз келді. Таңертең әннің мәтіні дайын болды", - дейді ол. 

Байғали балаларға таңдау құқығын беру керек дейді:

"Кез келген баланы спортқа да, музыкаға да беруге болады деп ойлаймын. Себебі осы екі негізгі нәрсе өмірде үнемі пайдаға асады. Біз оларды өзіміз де, ата-анасы да бітірген Күләш Байсейітова атындағы мектепке жібердік. Мен бұл музыкалық каторга екенін білдім, олардың қиналғанын көрдім. Олар айналысты, көп нәрсемен айналысты. Бір кезде адам өзі қайда барғысына келетініне сәйкес таңдауы керек деп ойладым. Сол кезде Мәскеуге көштік. Қыздарды музыкалық мектепке бердік. Олар сол жерде дайындалды. Бір кезде, 6-шы немесе 5-сыныпта кіші қызым Сана кезекті академиялық емтиханды  тапсырып үйге келіп, қабында тұрған скрипканы қойып, "Болды" деді. "Не болды?" дедім. "Мен енді бұл мектепке бармаймын" деді. Қарсы шығу бекер екенін түсіндік. Оның үстіне мінезі ого-ого. Осыдан кейін үлкен қызым Камила сабағын жалғастырып жүрді. Содан кейін біз оны Ирландияға оқуға жібердік. Ол онда бір жыл айналасты. Содан кейін "маған басқа нәрсемен айналысу керек шығар. Менікі емес екенін түсіндім", - деді әртіс. 

Сондай-ақ, Байғали қоғамдағы әйелдердің орны мен олардың проблемалары туралы өз пікірін бөлісті:

"Қазір заманауи әйелдер тәуелсіз, қазір әйел ролі, ол бұрын төмен еді. Әлемдегі әйелдер бастан кешіретін сұмдық жағдайларды білеміз. Әртүрлі елдерде, республикаларда, бір жерде жаман, бір жерде тіпті сұмдық. Түптің түбінде аяқталады деп сенемін. Қазір әйелдер тәуелсіздігі, құқығы үшін күреседі, бұл тек мамандық таңдауда емес, бәрінен бұрын кейбір отбасыларда болып жатқан сұмдықтар. Шығыста қыздар, әйелдер қысым, қорлау көріп жатқанын білемін. Тезірек бітсе екен. Бұл тез өтетін жол емес, бірақ өту керек", - дейді Серкебаев. 

Музыканттың айтуынша, Қазақстанның өркендеуіне бәрі жеткілікті:

"Жаңа Қазақстан - жаңа идея, жаңа арман, жаңа экономикалық қатынас шығар, жаңа заңдар, ең бастысы, жұмыс істейтін заңдар. Бәрі білетін жемқорлыққа керек қандай да бір заң болу қажет. Бұл - өркениетті мемлекет. Қазақстанымыз гүлденсе, бұл үшін бізде бәрі бар. Керемет адамдар бар, ақылды, талантты адамдар бар. Тамаша жеріміз бар, көп ресурс, керемет табиғат бар. Сондықтан жаңа белесті, жаңа деңгейді асыға күтемін және өзіме қатыстының бәрін жасауға дайынмын. Себебі өмірлік, шығармашылық үлкен тәжірибе бар. Қазір жобаларды істеп жатқаным Жаңа Қазақстанның бір бөлігі шығар", - дейді музыкант.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети