Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Әуен

"Ретро FM" плейлисті: әнші Диана Шарапова не тыңдайды? 30 мамыр 2022, 10:24

Диана Шарапова - қазақстандық танымал әнші, ВИА "Негры" тобының солисі және Бірінші арнадағы "Голос 3" шоуының қатысушысы. Оның репертуары тыңдармандарға
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Диана Шарапова - қазақстандық танымал әнші, ВИА "Негры" тобының солисі және Бірінші арнадағы "Голос 3" шоуының қатысушысы. Оның репертуары тыңдармандарға ұнайды, қазақстандықтар оның туындысын "Айтарым жоқ" әнінен бері біледі. Әншінің айтуынша, концерттерде жанкүйерлері бұл ән мектептегі ең сүйікті әндерінің бірі болғанын айтады. Tengrinews және "Ретро FM" үшін Диана плейлистінде үнемі тыңдалатын сүйікті әндерінің топтамасын ұсынды.

Алматыда 107,5 FM немесе Нұр-Сұлтан мен елдің басқа қалаларында 104,5 FM толқындарында Ретро FM радиосын тыңдаңыздар.

Billie Eilish - No Time To Die

"Не время умирать" фильміндегі саундтрек - тыңдармандардың (сондай-ақ, "Бондиана" көрермендері үшін) сүйікті әні. Жас әнші Билли Айлиштің ерекше орындау мәнері тұтас стадионды таңғалдыра алады. Дауыс арқылы бүкіл эмоцияны жеткізу қандай қиын болса, бұған тек нағыз табиғи дарын қажет. Америкалық кино академиясы керемет саундтрек үшін әншіні "Оскар" сыйлығымен марапаттады.

Jennifer Hudson - The Impossible Dream

"Исправлять неисправимое зло, любить чистоту и целомудрие издалека, пытаться, когда руки слишком устали, достичь недостижимой звезды" - бұл композицияның мәтінінде автордың америкалық арман туралы ойы айқын көрінеді. Продюсерлер Энди Абрахамның әнін нағыз арманға теңейді, өйткені оның ырғақты өрнегі мен мотиві кез келген талантты вокалистке жол ашып, барлық талантын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.

Леонид Агутин - "На сиреневой луне"

"На сиреневой луне" балладасының кейіпкері сүреңсіз күнделікті өмір арасынан ғажайыпты іздейтіндей көрінеді. Сондықтан тыңдармандар арасында бұл композиция қандай да бір ақпараттан гөрі атмосфера мен көңіл күйді береді деген пікір бар. Сыншылардың пікірінше, мұнда тек сөз емес, музыкаға да жан біткен. Қайғылы және жайбарақат ырғақ романтикалық көңіл күй сыйлайды.

Tina Turner - (Simply) Тhe Вest

Бұл - теңдесіз Тина Тернердің мықты әрі есте қаларлық хиттерінің бірі. Сайлау науқаны кезінде саясаткерлер мен шоумендер оның орындауындағы The Best әнін жақсы көреді. Әрине, спортшылар да бұдан тыс қалмайды. Атақты боксшылар дәл осы әнмен рингке шыққан, сонымен қатар, көптеген команданың үй матчтерінде үнемі тыңдалады.

George Thorogood & The Destroyers - Bad Тo Тhe Bone

Bad Th th Bone - Джордж Торогуд пен оның The Destroyers тобының 1982 жылғы альбомында шыққан әні. Композиция осы альбомның басты хиті болмаса да, бір жыл бұрын шыққан бейнеклипі MTV арнасында басты орынға ие болған. Фильмдер, теледидарлар мен жарнамаларға лицензия беру "Bad to the Bone әні арқылы жүзеге асқан. Дөрекі кейіпкер шығар кезде ән қажет болса, терминатор немесе ақылды болсаңыз да, бұл әннен артығы табылмайды!

Whitney Houston - I Will Always Love You

Бұл - америкалық әнші Уитни Хьюстон Кевин Костнермен бірге басты ролді сомдап қана қоймай, барлық тректі орындаған "Телохранитель" фильміндегі №1 сингл. Бүгінде сену қиын, бірақ фильм әнге екінші өмір берді. Танымал әнші Долли Партон өзінің музыкалары мен өлеңдері үшін тректің алғашқы нұсқасын 1974 жылы жазып, әнді әдеттегідей бұрынғы сүйіктісіне арнаған еді.

Earth, Wind & Fire - Let's Groove 

Туынды - классикалық диско-хит жанрындағы ән, ол күні бойы жағымды әсер қалдырады. АҚШ-та дискотека стилінің танымалдығы бәсеңдеген кезде оны EWF жазғаны қызық жайт. Алайда Let's Groove ештеңеге қарамастан хит болды: әннің тақырыбы ырғақты билер сыйлайтын бақытты бере алады. Сонымен қатар, әнде синтезатор немесе вокодер арқылы өткен робот дауыс секілді жаңа тенденциялар байқалды.

Richard Marx - Right Нere Waiting

Right Here Waiting - Ричард Маркстің көпшілік сүйетін лирикалық балладаларының бірі. Әннің жазылу тарихы бойынша, музыкант бұл әнді Оңтүстік Африкада фильм түсірілімінде болған әйелі Синтия Родескеге сүйіспеншілік хаты ретінде жазған. Ән Ричард Маркстің ең танымал әніне айналды, сонымен қатар, оған түсірілген үш музыкалық видеоның арқасында танылды. Алайда екі видео 1989 жыл үшін анайы деп саналып, телетрансляцияға тыйым салынды.

Nina Simonе - Felling Good

Топтама аты аңызға айналған Нина Симонның эпикалық, салмақты және ұмытылмас әнімен аяқталады. "Жрица соула" арқылы танымал ол биполярлық бұзылысқа шалдықса да, белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленген. Симон нәсілдік кемсітушілік, соның ішінде қараларға қарсылармен күресті. Оның өзін "белдемшедегі Мартин Лютер" деп атаған, оның әрбір әнінде әлеуметтік тақырып қозғалғанын көруге болады.

"Ретро FM" плейлисті: Ғалымжан Молданазардың сүйікті әндері

"Ретро FM" плейлисті: Ерлан Көкеев қандай ән тыңдайды?

"Ретро FM" плейлисті: актер Евгений Жұманов не тыңдайды?

"Ретро FM" плейлисті: Әлішер Елікбаев қандай әндерді таңдайды?

"Ретро FM" плейлисті: Рашид Сүлейменовке қандай әндер ұнайды?

"Ретро FM" плейлисті: Ерден Телемісовтің сүйікті әндері

"Ретро FM" плейлисті: режиссер Асқар Ұзабаев не тыңдайды?

"Ретро FM" плейлисті: актер Шыңғыс Қапиннің сүйікті әндері

"Ретро FM" плейлисті: актер Максим Акбаров тыңдайтын әндер

"Ретро FM" плейлисті: тележүргізуші Әділ Лиян не тыңдайды?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram