26 желтоқсан 2014 19:05

Түркияда қазақ әндері саяси мақсатқа пайдаланылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнебаянның скриншоты Бейнебаянның скриншоты

Түрік саясаткерлері қазақ әндерін сайлау науқанына пайдаланып жатыр, - деп жазады "Алаш айнасы". Басылымның мәліметінше, жақында Түркияның Ұлтшыл қозғалыс партиясы 2015 жылы болатын сайлауға қазақстандық әнші Ғалымжан Жолдасбай орындайтын "Көкжөтел" әнін үгіт құралы ретінде таңдап алған. Бұл ән түріктердің сайлау науқаны үшін таңдап алған бірінші ән емес.

Әлеуметтік желілерде жария болған бейнебаянда әнші Ғалымжан Жолдасбай "Көкжөтел" әнін түрікше орындайды. Ал қайырмасында Түркияның Ұлтшыл қозғалыс партиясының атауын насихаттайды. 

Түркияда 2015 жылдың маусым айында парламент сайлауы өтеді. "Түркия саясатқа қатысты жалпыхалықтық таңдау жасаған кезде, оны әндетіп, думандатып өткізеді. Сондықтан сайлауалды науқанда түрік саясаткерлері жақсы ән іздеп, бастарын біршама қатырады. Композиторларға арнайы тапсырыс береді. Мысалы, биылғы көктемдегі сайлауда қазақтың ұлттық аспабы – домбыраны Түркия үкіметі барынша насихаттап, қазақ-түрік халқының түбі бір екенін танытты", - деп жазады басылым. "Көкжөтел" ел ішінде халық әні делінеді, бірақ, негізінде, оның маңғыстаулық күйші-жыршы Хамит Өскенбаевтың "Қыздар-ай" деп аталатын әні екені туралы дерек бар.

"Домбыра" әні Қырым татарларының бүкіл түркі халқына туысқан екенін насихаттады. Бірақ түрік билігінің "Домбыра" әнін таңдап алуының астарлы саясаты бар. Саяси технологтардың айтуынша, бұл қазақтан гөрі Украинадағы Қырым татарлары мәселесін көтерудің өте ұтымды жолы боп шыққан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети