Алматы әуежайына апаратын көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайына апаратын көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына жабылады Фото:depositphotos.com

21 мамырға қараған түні Алматыдағы Ахметов көшесі жол жұмыстарына байланысты жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ахметов көшесі арқылы әуежайға кіру және шығу мүмкін болмайды. Аталған жол бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"2025 жылғы 20 мамыр сағат 22:00-ден бастап 21 мамыр сағат 06:00-ге дейін Ахметов көшесінде (№1А ғимаратынан Майлин көшесіне дейінгі бөлігінде) жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған бөлікте көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Әуежайға мына жолдармен жетуге болады:

  • Бұқтарма көшесі арқылы;
  • Майлин көшесі арқылы, одан кейін Майлин жағындағы негізгі кіреберіс арқылы.

"Жолаушылардан уақытша шектеулерді ескеріп, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

;