Алматы әуежайында кіруді бақылау жүйесінде ақау шықты. 5 мамырда таңертең бұл туралы жолаушылар шағым айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, ішкі рейстер аймағында коллапс болған.
Кейінірек Алматы әуежайының баспасөз қызметі 5 мамырда халықаралық әуежайдың ішкі рейстер келу аймағында кіруді бақылау жүйесінде қысқа мерзімді ақау болғанын хабарлады. Соның салдарынан жолаушылар ағымының уақытша араласуы байқалған.
"Қауіпсіздік бойынша бекітілген алгоритмге сәйкес жолаушыларға қайта тексеру жүргізілді. Іс-шаралар жедел ұйымдастырылып, жалпы рейстер кестесіне айтарлықтай әсер еткен жоқ. Орташа кідіріс уақыты 25 минуттан аспады", – деп мәлімдеді әуежайдың баспасөз қызметі.
Tengrinews оқырманнан
Әуежай әкімшілігі туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, қазіргі уақытта әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!