Алматылықтарға әуежай аумағында жөндеу жұмыстары жүргізілетіні ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: depositphotos.com/LyazaTretyakova Фото: depositphotos.com/LyazaTretyakova

Алматы әуежайында жөндеу жұмыстары басталды – енді терминалға жету қиындап, тұрақ орындары азаяды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әуежайында жөндеу жұмыстары басталды – енді терминалға жету қиындап, тұрақ орындары азаяды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

2025 жылғы 23 мамырдан бастап, ішкі рейстерге арналған Т1 терминалы алдындағы тұрақ алаңдарын жаңарту және асфальт жамылғысын ауыстыру жұмыстары басталады. Жұмыстар туристік полиция ғимараты мен пандусқа кіреберіс арасындағы тұрақ орындарын, сондай-ақ негізгі кіреберістен пандусқа дейінгі жолды қамтиды.

"Жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізіледі, және жөндеу жұмыстары барысында тұрақ алаңының кейбір бөліктері жабылады", - делінген хабарламада.

Барлық жұмыстар маусымның аяғына дейін аяқталады деп жоспарланған.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! Түсіністік пен сабырлық танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз".

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная