Астана-Ақтау ұшағында бортсерікке жасалған шабуыл: сот шешім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ SCAT ©️ SCAT

Ақтаудағы әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотта Астана – Ақтау бағытындағы рейсте жолаушының бортсерікке шабуыл жасау дерегіне қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтаудағы әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотта Астана – Ақтау бағытындағы рейсте жолаушының бортсерікке шабуыл жасау дерегіне қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары жолаушының әрекетін "ұсақ бұзақылық" деп бағалап, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырған. Аталған баптың санкциясы ретінде 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл не 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.

Сот отырысы барысында ер адам кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне шын жүректен өкініш білдірді. Сондай-ақ, ол асырауында бес баласы бар екенін айтып, соттан айыппұлмен жазалауды сұрады.

Оның кінәсі жәбірленушінің түсініктемесі мен түсіндіру хаты, полиция инспекторының рапорты, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама және істің басқа да материалдарымен дәлелденген.

Сот үкім шығарған кезде оның кінәні толық мойындауы, шын көңілден өкініш білдіруі және бес баласының барын жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді. Іске байланысты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

"Сот қаулысы бойынша, К. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-тармағына сәйкес айыппұл көлемін 30 пайызға қысқартты", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, жолаушы мен бортсерік арасындағы жанжал 20 сәуірде сағат 00:05-те ұшақ Ақтауға қонғаннан кейін басталған. Жолаушылардың бірінің айтуынша, жанжалды бастаған адам ұшақ салонында ұялы телефонын ұмытып кеткен.

Бортқа қайта кіруге әрекет жасаған жолаушыны бортсерік тоқтатып, ұшақтан әлі адамдар шығып жатқандықтан, сәл күте тұруын сұраған. Телефон иесі ескертуге құлақ аспай, ішке кіруге әрекет жасай берген соң, бортсерік оны өзі барып әкеліп беретінін айтқан. Алайда жолаушы әуекомпания қызметкерінің соңына жармасып, оның бетіне соққы жасаған.

Полиция келгенде шабуылдаушыны қарсы алуға келген туысы да жанжалға кіріскен. Екеуі де өз кінәсін мойындамай, қарсыласқанымен, куәгерлер оқиғаның қалай болғанын растады және кінәлі азаматтың заңға сай жаза алатынына үміт білдірді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная