Қазақстандықтар тағы бір еуропалық елге тікелей ұша алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстан мен Сербия астаналары арасындағы тікелей әуе қатынасы 2025 жылдың соңына қарай ашылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Сербия астаналары арасындағы тікелей әуе қатынасы 2025 жылдың соңына қарай ашылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербия Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Сербия Республикасының Құрылыс, көлік және инфрақұрылым министрі Александра Софрониевич ханымның арасында екі ел астаналары арасында әуе қатынасын ашу мәселесі бойынша келіссөздер өтті. Сонымен қатар, Сербия Республикасының Туризм және жастар істері жөніндегі министрінің орынбасары В. Ракич ханыммен кездесу өтті.

"Келіссөздерге Қазақстан тарапынан SCAT әуекомпаниясының басшылығы мен туристік компаниялардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында тараптар жыл аяғына дейін Астана мен Белград (Сербия Республикасы) арасында әуе қатынасын, соның ішінде "әуе еркіндігі" бесінші дәрежесін пайдалану арқылы ашу мәселесін талқылады", - делінген хабарламада.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная