Мысырдағы қазақстандықтың өлімі: СІМ өкілі мән-жайды айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марқұмның құрбысы ұсынған сурет Марқұмның құрбысы ұсынған сурет

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Мысырда қаза тапқан Қазақстан азаматы Ақмарал Мұқанованың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Мысырда қаза тапқан Қазақстан азаматы Ақмарал Мұқанованың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуантыров Мәжіліс кулуарында бүгін марқұмның денесі Қазақстанға жеткізілуі тиіс екенін айтты.

"Мәйітті жөнелту бүгін жоспарланып отыр, барлық рәсімнен кейін орындалады. Менің білуімше, Мысыр тарапынан қаржыландырылады. Моральдық өтемақы бойынша да мәселе шешілген. Сонымен қатар, бұл сапарға сақтандыру ұсынған қазақстандық сақтандыру компаниясы да іске қосылды. Жеңіл жарақат алған екі азаматша да елге оралды", – деді Қуантыров.

Журналистер Ақмарал Мұқанованың қазасы бойынша қылмыстық іс қозғалған-қозғалмағанын сұрады. Министрдің орынбасары бұл іс бойынша тергеу жүріп жатқанын, ал қылмыстық іс туралы өзіне белгісіз екенін айтты.

"Мысырдың азаматтық авиация министрлігі құрған комиссия жұмыс істеп жатыр. Қазір тиісті тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша нақты айта алмаймын, өйткені... Алдымен тергеу рәсімі жүреді. Бірақ, менің ойымша, егер тереңірек тергеу жүргізілсе, қазақстандық тарап та қатысады. Дегенмен, бұл мәселе біздің бақылауымызда", – деді ол.

Еске салайық, 17 мамырда Шарм-эль-Шейх әуежайында жарнамалық тақтаның құлауынан Қазақстан азаматы қаза тауып, тағы екі әйел жарақат алған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная