Шарм-эль-Шейхте қазақстандықтардың үстіне жарнамалық тақта құлады: бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото instagram.com/pro_astanu/ Фото instagram.com/pro_astanu/

Мысырдың Шарм-эль-Шейх әуежайында жолаушылардың үстіне жарнамалық тақта құлады. Оқиға салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты, тағы екі адам жеңіл жарақат алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мысырдың Шарм-эль-Шейх әуежайында жолаушылардың үстіне жарнамалық тақта құлады. Оқиға салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты, тағы екі адам жеңіл жарақат алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оқырмандар редакцияға хат жазып, Шарм-эль-Шейх әуежайында болған оқиғаның кадрларын жолдады.

Оқырмандар жолдаған кадрлар

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, қайғылы оқиға 17 мамырда болған.

"Шарм-эль-Шейх әуежайының ұшу аймағында рейске отырғызуды күтіп отырған жолаушылардың үстіне жарнамалық тақта құлап түсті. Оқиға салдарынан Қазақстан азаматшасы қаза тауып, тағы екі отандасымыз жеңіл жарақат алды", – деп хабарлады СІМ.

Министрлік өкілдері қаза тапқан адамның туыстарымен байланыс орнатылғанын, оларға консул барлық қажетті көмек көрсетіп жатқанын айтты.

"Жарақат алған екі әйелге қажетті медициналық көмек көрсетілді, олардың өміріне қауіп жоқ. Мысыр тарапы Қазақстан азаматшасының қайғылы қазасына байланысты шын көңілден көңіл айтты. Мысырдың азаматтық авиация министрі бұл оқиғаны жеке бақылауына алды және оқиға орнына дереу комиссия жіберді. Қазіргі уақытта тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазақстанның елшілігі де бұл оқиғаны ерекше бақылауға алғанын атап өтті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная