Шымбұлақтағы төбелес: шетелдіктер курорт қызметкерлеріне шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Желіде Шымбұлақтағы төбелескендердің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде Шымбұлақтағы төбелескендердің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан "Шымбұлақ" базалық стансасындағы төбелеске бірнеше адам, оның ішінде шаңғыға керек жабдықтарды киген адамдар да қатысқанын көруге болады.

Оқиға 1 ақпан күні кешкі уақытта болған. Шаңғы курорты әкімшілігінің мәліметінше, бір топ шетелдік мас қонақ шаңғы мектебінің қызметкерлерімен жанжалдасқан.

Қонақтардың біріне сол уақытта қолы босамай тұрған кассирді ұзақ күткені ұнамай қалған. Әуелі қызметкермен сөзге келіп, сосын көшеде алыса кеткен. Қызметкерлер полиция шақырған.

Жанжалды демалыс орнының қауіпсіздік қызметі тоқтатқан.

"Тәртіп бұзғандарды тәртіп сақшылары алып кетті. Оқиғаға байланысты дереу ішкі тексеріс жүргізіліп, белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сәйкес қажетті шаралар қабылданды", - деп хабарлады Шымбұлақ әкімшілігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная