31 наурыз 2023 11:59

Бензин бағасы қандай болады? Энергетика министрлігі жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Энергетика министрлігі жанар-жағармай құю станцияларына жеткізілетін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізудің шекті бағасын белгілеуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика министрлігі жанар-жағармай құю станцияларына жеткізілетін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізудің шекті бағасын белгілеуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгілеу жоспарланып отыр. Бұйрық жобасы 24 наурызда "Ашық НҚА" сайтында пайда болды.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұйрық жобасында оның биыл 1 сәуірден бастап күшіне енуі немесе бөлшек сауда баға өзгеруі көзделмеген.

"Бұл бұйрық жобасының негізгі мақсаты жанармай құю бекеттерінде ресурс иелерінен мұнай өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуды қамтамасыз ету", - делінген хабарламада.

Осы айтылғандарды ескере отырып, Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін көтерме саудаға (ҚҚС қоса алғанда) мынадай шекті бағаларды белгілеуді жоспарлап отыр:

  • АИ-80 бензині – тоннасына 93 161 теңге (литріне 70 теңге);
  • АИ-92 және АИ-93 бензині – тоннасына 193 649 теңге (литріне 146 теңге);
  • дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 236 156 теңге (литріне 198 теңге);

Министрлік көрсетілген көтерме бағалар жоғарғы шек болып табылатынын және нарық жағдайына байланысты жеткізушілер мұнай өнімдерін төмен бағамен сата алатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети