10 желтоқсан 2016 10:58

Бұрынғы КСРО елдері мен Қазақстанның экономикасы салыстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

РИА Новости агенттігі бұрынғы КСРО елдерінің 1992-2015 жылдар аралығындағы экономикалық дамуының деңгейлері көрсетілген инфографика жасады.


РИА Новости агенттігі бұрынғы КСРО елдерінің 1992-2015 жылдар аралығындағы экономикалық дамуының деңгейлері көрсетілген инфографика жасады.

Кестеде халықтың жан саны бойынша жалпы ішкі өнім өсімі (АҚШ долларымен) көрсетіледі. Инфографикада одақта болған елдердің (Эстония, Литва, Латвия, Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Түркменстан, Грузия, Армения, Украина, Өзбекстан, Молдова, Қырғызстан және Тәжікстан) осы жылдар бойғы көрсеткіші көрсетілген. 

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішінде халықтың жан саны бойынша жалпы ішкі өнімі деңгейінде 2015 жылы Қазақстан бірінші орын алып тұр (24 346 доллар), екінші орында Ресей (23 744). Одан кейін Беларусь (17 859), Армения (8 432) және Қырғызстан (3 314).

Ал егер КСРО-ның барлық елін салыстырғанда, бірінші үш орынды 2015 жылы Эстония (28 781 доллар), Литва (28 153) және Латвия (24 620) алып тұр. Соңғы орында Тәжікстан - 2 749 доллар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети