09 желтоқсан 2014 12:57

Қарабалин Қазақстанда жанармай бағасы төмендейтінін растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жанармай арзандайды. Бұл жөнінде ОКҚ брифингінде ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда жанармай арзандайды. Бұл жөнінде ОКҚ брифингінде ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жанармай арзандай ма? деген толғағы жеткен сұраққа бірден жауап берейін. Жауап: "иә". Жақын арада мемлекеттің бақылауындағы мұнай өнімдерінің бағасы төмендеуі мүмкін. АИ-92 бензинінің бағасы 128-ден 115-ке, АИ-80 бағасы бұрынғы 89 теңгеде қалады, ал дизель отынының құны 115 теңгеден 107-ге түседі", - деді Қарабалин.

8 желтоқсанда Парламент Мәжілісінде өткен "Нұр Отан" партия фракциясы төралқасының отырысында Энергетика министрі Владимир Школьник үкімет акцизделетін тауарлардың акциз бағаларына қатысты өзгерістерді бекітетінен хабарлаған болатын. Бұл өзгерістер мақұлданса, 2015 жылдың қаңтарынан бастап бензин бағасы арзандайды.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети