18 желтоқсан 2014 19:08

Қазақстан шайды ең көп ішетін 10 елдің қатарына кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©bigpicture.ru ©bigpicture.ru

Қазақстан әлемде шайды ең көп ішетін 10 елдің қатарында, - деп хабарлайды рейтингті құрастырған Bigpicture.ru сайты.


Қазақстан әлемде шайды ең көп ішетін 10 елдің қатарында, - деп хабарлайды рейтингті құрастырған Bigpicture.ru сайты.

Бір қызығы, бұл ондықта Қытай мен Үндістан жоқ. Жалпы шайды бүкіл дүниежүзі жақсы көреді, себебі сусындар ішінде шай - судан кейінгі екінші орында. Шай ішудің тарихына үңілетін болсақ, адамзат оның түрлі сұрыпын шығарып, шай демдеудің ондаған әдісін ойлап тапқан.

Әлемде шайды ең көп ішетін ел - Түркия. Шайды тұтынудың бұл елдегі орташа мөлшері - халықтың жан басына шаққанда 6,87 келіні құрайды. 

Түркия шай тұтыну жағынан үнемі алдыңғы орында. Себебі бұл елдің өзінің шай өндіретін плантациялары бар, сондықтан арзан шайдың орнын бұл елде қымбат кофе жылдам басты. Түркияда шайды фарфор ыдыспен ішпейді, олардың шай ішуге арналған ерекше пішінді шыны стақандары бар. Ол стақаннан ішілген шайдың тек дәмі ғана емес, иісі мен түсі де ерекше шығады. 

Түркиядан кейінгі екінші орында Марокко тұр. Бұл елдегі шайды тұтынудың орташа көрсеткіші - халықтың жан басына шаққанда 4,34 келі.

Үшінші орында - Ирландия. Мұндағы орташа көрсеткіш - 3,22 келі шай.

Төртінші орын Мавританияда. Мұндағы көрсеткіш те - 3,22 келі.

Бесінші орында - Ұлыбритания. Бұл елдегі шайды тұтынудың орташа көрсеткіші - халықтың жан басына шаққанда 2,74 келі.

Алтыншы орында - Сейшель аралдары тұр. Мұндағы орташа көрсеткіш - 2,08 келі.

Жетінші орында - Біріккен Араб Әмірліктері. Мұндағы орташа көрсеткіш - жан басына шаққанда 1,89 келі шайдан келеді.

Сегізінші орын Кувейтте. Мұндағы шайдың жан басына шаққандағы мөлшері 1,61 келіні құрайды. 

Ал тоғызыншы орында - Катар. Мұндағы көрсеткіш - 1,60 келі шай.

Қазақстан әлемдегі ең көп шай ішетін он елдің қатарындағы оныншы орында тұр. Шайды тұтынудың орташа мөлшері - халықтың жан басына шаққанда 1,54 келі.

Әлемде шайды ең көп ішетін елдер жайында толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети