Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Келімбетов теңге бағамы мен банкирлерге қатысты ойын айтты

18 Қыркүйек 2015, 17:52
0
Қайрат Келімбетов. © РИА Новости
Қайрат Келімбетов. © РИА Новости

Ұлттық банк ірі ойыншылардың теңге бағамына ықпал етуіне байланысты мәселені қарай бастады. Бұл туралы банктің төрағасы Қайрат Келімбетов "Панорама" басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, нарықты екі-үш ірі ойыншы "алдап-арбап" отыр. Қазір теңге бағамы 275,75-ке жетті. Ол таңғы сессиядағы бағамнан 5 теңгеге жоғары. Мұндай бағам Ұлттық банк араласқаннан кейін орнаған болатын.

Ақша айырбастау орындары долларды 300 теңгемен сата бастағанда Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыруға шешім қабылдады. Банк өкілдерінің мәлімдеуінше, шетелдік валютаға қатысты алыпсатарлық көбейіп барады.

"Нарықты арбап отырған екі-үш ойыншы бар. Қазір талқылап жатырмыз. Талқылау аяқталғанша біз бірінші рет интервенциямен шықтық. Кез келген интервенция осы сәттен бастап күнді қорытындылау бойынша ресми түрде жарияланатын болады. Біз бүгін (сұхбат 16 қыркүйек күні кешке жазылған - Авт.) араласуды шештік, себебі ойыншылардың нарықты тарқатып жатқанын көрдік. Біз басынан бастап айтқан болатынбыз, бағамның еркін ауытқуға өтуі орталық банк жоқ дегенді білдірмейді, біз барлығын мұқият бақылап отырмыз. Біз өрт сөндіруші де, құтқарушы да болғандықтан, мұндай қисынсыз әрекеттер болып жатса араласуға құқылымыз және алдағы уақытта да солай істейміз. Бәлкім, біздің қатысуымыз ертең де керек болып қалар және нарық тынышталғанша да. Өкінішке қарай, трейдерлерде жануарлық түйсік бар және олардың есін үнемі жиып отыру керек. Бізде алыпсатарлық ойындарды қирататын мүмкіндік әрдайым бар, бірақ қазір тарих қалыптасып жатыр және дұрыс түсінікке қол жеткізу өте маңызды", - деп мәлімдеді Келімбетов.

Оның мәлімдеуінше, қазақстандық валюта нарығы 38 банктің трейдерінен тұрады, олар халық пен клиенттердің мүддесіне қызмет етеді. Келімбетов туындаған парадоксқа қатысты да мәлімдеме жасады: оның ойынша, теңгенің төмен бағамы банктер үшін де тиімсіз, дегенмен ол көтеріліп жатыр.

"Айтайын, белгілі бір күйзеліс-тесттері бар, олар банктердің басым бөлігі теңгенің құлдырауына қызығушылық танытпай отыр дейді, себебі оларда пруденциялық нормативтермен проблема болады, нашар активтер деңгейінің өсуі, сондай-ақ ол қарыздың валюталық бөлігі бойынша ғана емес. Кейде кейбіреулер қасана әрекет етуі мүмкін, бірақ біз сондай әрекеттерді түзеу үшін де Орталық банкпіз. Біз трендпен және түсінікпен күреспейміз, егер мұнайдың бағасы 20 немесе 30 долларға дейін түссе, теңге оған жауап қайтаруы тиіс. Бірақ алдыңгүні, кеше және бүгін біз қарама-қарсы тенденцияны көрдік - рубльдің күшеюі, мұнай бағасы құлдырауының тоқтағаны", - деді Келімбетов.

Оның айтуынша, теңгенің бағамы 188-ден 257-ге күрт көтерілді. Осыдан кейін салық аптасы мен нығаю, содан кейін белгілі бір тұрақтану болды. Ұлттық банк басшысының ойынша, соңғы күндерде "алыпсатарлық ойындары" байқалды.

Айта кетейік, теңге бағамын тұрақтандыруға тартылған интервенциялар қазірдің өзінде 414 миллион доллардан асты. Олар 16 және 17 қыркүйекте жүргізілді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай