Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

Премьер-министр жанармай бағасын бақылайтын комиссия құруды тапсырды 23 тамыз 2022, 12:07

Премьер-министр Әлихан Смайылов бағаны бақылау және жанармай тапшылығын болдырмау жөніндегі комиссия құруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Премьер-министр Әлихан Смайылов бағаны бақылау және жанармай тапшылығын болдырмау жөніндегі комиссия құруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Роман Васильевичке (премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр - еск.) өз жетекшілігімен бағаны бақылау және жанар-жағармай тапшылығын болдырмау жөніндегі тұрақты комиссия құруды тапсырамын. Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігі және әкімдіктермен бірлесіп бағаны негізсіз көтерген жағдайда тиісті шара қабылдауды қамтамасыз етсін", - деді Смайылов Үкімет отырысында.

Премьер-министр Индустрия министрлігі, "ҚазМұнайГаз" және ҚТЖ-ға мұнай өңдеу зауыттарынан мұнай өнімдерін уақытылы жөнелту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

"Сонымен қатар, цифрлық даму және энергетика министрліктері дизель отынын жеткізудің тәуліктік лимиттерін бақылаудың ақпараттық жүйесін енгізуді жеделдетулері керек", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы бензин мен дизель отынының қоры туралы айтқан болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram