Қазақстанда қандай азық-түлік тауарлары қымбаттады?

Қазақстанда қандай азық-түлік тауарлары қымбаттады? © pixabay.com

Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар өзгеретіні туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ведомствоның хабарлауынша, жыл басынан бері пияз - 98 пайызға, сәбіз - 58 пайызға, картоп - 34 пайызға және күріш - 22 пайызға қымбаттаған. 

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің орташа өсімі жыл басынан бері 8 пайызды құраған.

Қымбаттаған азық-түлік тауарларының ішінде бірінші сорттағы ұн мен сол ұннан жасалған нан өнімдері, тауық еті, сиыр еті, сары май және кеспе өнімдері бар. 

Керісінше бағасы төмендеген азық-түлік өнімдері де бар. Жұмыртқа - 10 пайызға, ақбас қырыққабат - 8,6 пайызға, қант - 3,5 пайызға және сүзбе 3 пайызға арзандаған. 

Орташа есеппен жыл басынан бері азық-түлік өнімдерінің бағасы Нұр-Сұлтанда - 15,6 пайыз, Жезқазғанда - 10,4 пайызға, Өскеменде - 10,2 пайызға, Семейде - 9,9 пайызға және Қызылордада 7,7 пайызға өскен. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +19
Ақтау +25
Ақтөбе +23
Атырау +30
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +21
П
Павлодар +21
Петропавл +26
С
Семей +26
Т
Талдықорған +25
Тараз +30
Түркістан +29
О
Орал +24
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер