02 желтоқсан 2014 14:07

Жәбірленген оқушының ата-анасы Швецияның Қазақстандағы елшісінің отбасымен татуласты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кристиан Камилл. ©Tengrinews.kz Кристиан Камилл. ©Tengrinews.kz

Мектептегі жанжалдан кейін өкпелеген оқушының ата-анасы Қазақстандағы Швеция елшісі Кристиан Камиллмен татуласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінің өкілдері бүгінде тараптардың татуласып, бір-біріне кешірім бергенін айтты. Мәселе 27 қарашада білім беру мекемесінде болған оқиға турасында. Колледж басшыларының мәліметінше, Швеция елшісінің баласы, 2 сынып оқушысы Георг Камилл ойын кезінде бір қызды ұрған. Қыздың әкесі онымен әңгімелескісі келеді, бірақ баланың шешесі Астана қаласындағы Алматы аудандық ішкі істер басқармасына арыз береді.

"Қыздың әкесі жәй ғана әңгімелесіп, бұлай жасауға болмайтынын айтты (...) Олар жәй ғана әңгімелесті. Бірақ баланың анасы оның үстінен арызданды. Содан кейін аудандық ішкі істер басқармасында олар бір-бірінен кешірім сұрасты, жанжал бітті. Бала 1 қыркүйектен бастап біздің колледжде, ол өзін еркін ұстайтын кездері болады (...)", - деді колледж басшылары.

Колледжде Швецияның Қазақстандағы елшісінің үш баласы оқиды - екі қыз және бір ұл. Халықаралық үздіксіз білім беру колледжі өкілдерінің айтуынша, уәкіл бұл оқиғадан кейін өз балаларын басқа білім беру мекемесіне ауыстыруды ұйғарған. Осыған дейін басқа ата-аналардың Швецияның Қазақстан Республикасындағы елшісінің ұлы Георг Камиллдың үстінен шағым түсіріп, колледжден шығаруды талап еткені хабарланған болатын. Олар Бас прокуратураға, Сыртқы істер министрлігіне және Білім және ғылым министрлігіне, сонымен бірге мектеп директорына хат жазды. Ата-аналардың айтуынша, елшінің баласы басқа балаларға тіл тигізіп, боқтық сөз айтып, қыздарды жиі итеріп, оларға түрлі заттар лақтырып, балалармен төбелескен, қыздарды өкпелеткен. Бірақ қазіргі уақытта колледжде оқитын балалардың ата-аналары баспасөз өкілдерімен сөйлесуден және оқиғаға байланысты пікір айтудан бас тартты. 

Ата-аналардың үндеуі БАҚ-тарда жарияланған соң Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаның барлық жағдаяты тексерілетінін мәлімдеді. Алдын ала тексерістің қорытындысы бойынша, әлеуметтік желілер мен БАҚ-тардағы барлық мәліметтің шындыққа сәйкес келмейді. Швецияның Қазақстандағы жаңа елшісі Кристиан Камилл бұл қызметке осы жылдың күзінде тағайындалған еді. Осыған дейін ол Швецияның Санкт-Петербургтегі мемлекеттік консулдығында, Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Венадағы делегациясында және Киевтегі швед елшілігінде қызметтер атқарған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети