Toyota компаниясы ресми түрде жаңа Camry моделін таныстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Toyota компаниясы ресми түрде жаңа Camry моделін таныстырды

Детройтта өткен NAIAS-2017 автосалоны аясында Toyota Motor Corporation жапониялық компаниясы Toyota Camry-дің сегізінші буынын таныстырды, - деп хабарлайды Uincar.ru.


Басылымның жазуынша, TNGA (Toyota New Global Architecture) платформасы негізіндегі жаңа генерациялық көлік осы модельдің тарихындағы жаңа тарау болмақ.

Toyota Camry-дің жаңа седаны сырт пішіні жағынан өзгерістерге ұшырағанымен, бірден танылады. Детройттағы автосалонда компания солтүстік америкалық нарыққа арналған көліктерін таныстырып, жапониялық бизнес-седан бестселлер болды. Жапон брендінің еуропалық нарыққа қашан шығатын әлі белгісіз.

"Толықтай жаңартылған Toyota Camry ’2018 біз шығарған орташа көлемді седандар ішіндегі ең тартымды екені сөзсіз", - деп атап өтті таныстырылым кезінде Toyota компаниясының аға вице-президенті Боб Картер.

Жаңа Toyota Camry алдыңғыларына қарағанда сәл төмен, дегенмен бұл салонның кеңдігі мен жайлылығына зиянын тигізбегенін айтады компания өкілдері. Америкалық нарықта көліктің төрт жиынтығы ұсынылады: LE, XLE, SE және XSE.

Көлік салонында 8-дюймді мультимедиялық экран және навигациялық жүйе орнатылған, ол климат теңшеулерге де пайдаланылады. Сонымен қатар, жабдық панелінде 7-дюймді ақпарат мониторы орнатылған. Сонымен қатар, көлік Toyota Safety Sense P қауіпсіздік пакетімен жабдықталады.

Жаңа Toyota Camry-дің қарапайым 2,5 литрлік көлемдегі "төрттік" және сегіз жылдамдығы бар, беріліс қорабы, 3.5 V6. қозғалтқышы болады.

Читайте также

Валюта бағамы

 470.74   537.75   6.17 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +27
Ақтау +32
Ақтөбе +34
Атырау +26
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +32
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +28
П
Павлодар +29
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +33
Тараз +37
Түркістан +29
О
Орал +31
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер