Нұр-Сұлтандағы жол апаты: Қаза тапқандарға қатысты жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы жол апаты: Қаза тапқандарға қатысты жаңа деректер шықты © Тengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда болған жол апатынан екі адам қаза тапты. Автобус жүргізушісінің артында төрт баласы қалды, ал жолаушы келіншек отбасының жалғыз асыраушысы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қаза болған Айзат Нұрекенова Қарағанды облысында тұрған. Денесін жеткізуге көмектесеміз. Ол отбасының жалғыз асыраушысы болған, артында кәмелетке толмаған баласы қалды", -  деді брифинг барысында  "Астана ЛРТ" басшысы Бекмырза Игенбердинов. 

"Күшті соққының даусы естілді". Куәгерлер Нұр-Сұлтанда болған апат жайлы айтып берді

"Жүргізуші Оспанов Абай Амангелдіұлы. Оның үйіне барып қайттық, артында төрт баласы қалды", - деді Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Әлихан Қуатбеков.

"Астана ЛРТ" басшысының айтуынша, жүргізуші таңғы сағат 06.30-да медициналық тексерістен өткен. Денсаулығына қатысты ешқандай проблема болмаған. 2018 жылдың желтоқсанында жыл сайынғы медициналық тексерістен өткен.

Еске салайық, бүгін, 26 наурызда Қабанбай даңғылы мен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жол-көлік оқиғасы бодды. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан. Қала маңынан жүретін № 303 автобус №12 бағыттағы қоғамдық көлікті соққан. Кейінірек № 53 автобусқа және жедел жәрдем каретасына соқтығысқан.

Кейінірек қаза тапқандар жайлы ақпарат берілді. "Қазіргі жағдай бойынша 27 адам зардап шекті, екі адам қаза тапты. Олар - 66 жастағы автобус жүргізушісі және 26 жастағы жолаушы қыз", - деген еді елордалық әкімдік өкілдері.

Читайте также

Валюта бағамы

 470.74   537.75   6.17 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +23
Ақтау +28
Ақтөбе +25
Атырау +23
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +23
П
Павлодар +23
Петропавл +23
С
Семей +24
Т
Талдықорған +25
Тараз +30
Түркістан +22
О
Орал +21
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер