Маңғыстау облысының Түркістанға сыйы: Күзде амфитеатр ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының Түркістанға сыйы: Күзде амфитеатр ашылады

Рухани астана тұрғындарының игілігіне біршама уақыттан соң амфитеатр ғимараты қызмет көрсететін болады. Биылғы жылдың сәуір айында құрылыс жұмыстары басталған ғимарат қазан айында аяқталады деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


1000 орынға лайықталған заманауи кешеннің жалпы көлемі 2400 шаршы метрге тең. "Рухани-мәдени орталық" аймағындағы 0,56 гектар жерге жүргізіліп жатқан құрылыс алаңында күндіз - 22, түнгі аусымда 10 жұмысшы еңбек етуде.

Құрылысқа жауапты "АА-Стройинжиниринг" ЖШС мердігер компаниясының учаске бастығы Абай Абдурахманов  жұмыс өз қарқынымен жүргізіліп жатқандығын айтып, алдағы уақытта нысан келісілген мерзімде аяқталататындығын жеткізді. 

Елбасы - Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласының облыс орталығы атану құрметіне орай республикамыздағы өзге облыс әкімдіктері жаңа облыс орталығына бір-бір ғимараттан салып, сыйға тартатын болған. Соның бірі - амфитеатр Маңғыстау облысы әкімдігінің сыйы. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +27
Ақтау +27
Ақтөбе +27
Атырау +25
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +34
Қызылорда +27
П
Павлодар +27
Петропавл +29
С
Семей +23
Т
Талдықорған +29
Тараз +33
Түркістан +29
О
Орал +24
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер