09 желтоқсан 2019 09:24

Димаш Құдайбергеннің фанаттары Нью-Йорк әуежайын "басып алды"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірнеше сағат бұрын Димаш Құдайберген командасымен бірге Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайына қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бірнеше сағат бұрын Димаш Құдайберген командасымен бірге Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайына қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әуежайда оны көптеген жанкүйері күтіп тұрды, олар АҚШ-тың түрлі қалаларынан, Аустралия, Жапония, Мексика, Ресей, Чили, Болгария, Филиппин, Испания, Канада, Қазақстаннан барған. 

Қазақстандық әнші 10 желтоқсанда Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында жаңа Arnau tour ENVOY шоуымен өнер көрсетеді. Залға жеті мың көрермен сияды, барлық билет сатылып кеткен. Олардың 75 пайызын америкалықтар алған. Осыншама танымалдық әсеріне байланысты ұйымдастырушылар тағы 2 мың орын қосқан. 

Жанкүйерлері әртіске гүл мен сыйлық алып келген. 

Димаштың артынша Санкт-Петербургтен Нью-Йоркке оның жанкүйері Екатерина келген. Әртісті қуанту мақсатында ол қазақтың ою-өрнегімен жасалған камзол киіп, оның әндерін жазып жүрген дәптерін көрсетті. 

АҚШ-тағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырып отырған концерт ең айтулы шара болмақ. Қызыққа толы бағдарлама, әртістің жаңа образдарын қазақстандық кәсіпқойлар командасы жасаған. 

Фото және видеоны түсірген Ботагөз Айтжанова

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети