09 желтоқсан 2019 16:02

Қарағанды облысындағы үш жасар баланың өлімі: Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күдікті. Фото: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі Күдікті. Фото: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Қарағанды облысында 3 жасар баласын өлтірді деген күдіккі ілінген 23 жастағы Игентай Сопыжановқа қатысты қылмыстық іс сотқа түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыс прокурорының көмекшісі Медеу Жақанов айтты.


Қарағанды облысында 3 жасар баласын өлтірді деген күдіккі ілінген 23 жастағы Игентай Сопыжановқа қатысты қылмыстық іс сотқа түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыс прокурорының көмекшісі Медеу Жақанов айтты.

"Қазіргі уақытта Сопыжановқа қатысты айыптау актісін бекіттім, қылмыстық іс сотқа жолданды. Айыптау актісін беру кезінде Сопыжановқа оның құқықтары жайлы түсіндірдім", - деді прокурордың көмекшісі.

Айта кетейік, Игентай Сопыжанов Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпталып отыр: кәмелетке толмаған адамды ұрлау, кепілге алу және адам өлтіру. Алғашқы екі бап өте ауыр қылмыс саналса, үшінші бап аса ауыр қылмыс түрі болып саналады.

Бұл іс енді Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта қаралады. Сондай-ақ, соттың мәліметінше, ер адам өз кінәсін мойындап отыр.

Еске салайық, 5 қыркүйекте Қарағанды облысында үш жасар бала өлі табылған еді. Ауылдастардың айтуынша, баланың денесі ауылда, тұрғын үйлердің бірінің маңынан табылған. Мұның алдында бұл жерлерді полиция қызметкерлері іздестіру иттерімен бірге тінтіген. Алайда тексеру кезінде бала табылмаған. Оның денесін түнде әкелді деген болжам да айтылған еді.

Ал кейінірек баланы өлтірді деген күдіктінің ұсталғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети