13 қараша 2023 19:40

Абай облысының аудандарында жаңа өндірістер ашылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай ауданында қымбат металдар мен кендерді өндіру бойынша жаңа кәсіпорындар ашылып, өз жұмыстарын тұрақты жалғастыруда. Сонымен қатар, жолдар жөндеуден өтіп, аудан халқын интернет желісімен қамтылуы көрсеткіші көбейіп келеді.


Абай ауданында қымбат металдар мен кендерді өндіру бойынша жаңа кәсіпорындар ашылып, өз жұмыстарын тұрақты жалғастыруда. Сонымен қатар, жолдар жөндеуден өтіп, аудан халқын интернет желісімен қамтылуы көрсеткіші көбейіп келеді.

Бұл туралы облыстың өңірлік коммникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Мейіржан Смағұлов айтты. Ол аудандағы жаңадан ашылған кәсіпорын 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін 473,8 гектар жер телімін алғанын атап өтті. Бұдан басқа, ауданы 112 693 гектар жер учаскесі объектілерді салу үшін 3 жылға жалға берілді. Ағымдағы жылы кәсіпорын өңірдің әлеуметтік дамуына 30 млн теңге инвестиция салды, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде демеушілік ретінде Архат ауылының тұрғындарына жаңа фронтальды техникасын алып берді.

- Қазіргі уақытта кәсіпорында 170 адам жұмыс істейді, оның 50 – і Абай ауданының тұрғындары, - деді Мейіржан Смағұлов.

Ауданда ағымдағы жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында жоспарланған 5 жоба бойынша 5 км көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, Аягөз-Қарауыл республикалық трассасының бірнеше учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қарауыл ауылына жаңа кірме жол салынды.

- «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясындағы жұмыс тек жолдарды жөндеумен шектелмейді. Жөндеуден басқа, мысалы, Архат ауылдық округінде орналасқан алты шаруа қожалығы үшін электр желілері жүргізілсе, Медеу және Саржал ауылдық округтері 4G желісімен қамтылды. Сондай - ақ, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда, - деп атап өтті Мейіржан Смағұлов.

Сонымен қатар, 2023 жылы Абай ауданында тұрғын үй құрылысы да белсенді жүргізіліп жатыр. Барлығы 42 пәтер – 21 екіпәтерлі жеке үй салынуда. Оның ішінде, Қарауыл ауылында 16, Құндызды, Көкбай, Кеңгірбай би, Қасқабұлақ, Саржал ауылдарында бір екіпәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ, ауданда 7 мұражай, 30 ескерткіш және 13 тарихи орын бар. Бұл ішкі және басқа аудандар мен аймақтардан туристердің қызығушылығын туғызып отыр.

- Ауданда тұрғындар мен келген туристерге 5 қонақ үй, 8 мейрамхана, 14 кафе қызмет көрсетеді. 2023 жылдың 9 айында ауданға 22 961 адам келді, - деп қорытындылады Мейіржан Смағұлов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Абай облысының әкімдігі ұсынған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети