22 маусым 2024 13:59

Ақтөбе облысында дельтаплан апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

depositphotos.com depositphotos.com

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жарық ауылының маңында өндірістік жұмыстарды орындау барысында "Самғау АГРО" ЖШС-ға тиесілі "Дельтаплан" ұшу-аппараты апатқа ұшырады. Дельтапланның ұшқышы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

21 маусымда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылының маңында ұшуды орындау барысында "Самғау АГРО" ЖШС-ға тиесілі Ан-2 әуе кемесі жерге қатты екпінмен қонды. Бортта екі адамнан тұратын экипаж мүшелері болды.

Бұл оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрды.

"Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберілді. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі қағидаларға сәйкес, бұл оқиға да авиациялық оқиға ретінде қаралады",- делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 473.16   490.7   5.4 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети