04 мамыр 2022 09:22

Атауы өзгерген Қапшағай, Қазақстан және Ресей ІІМ арнайы операциясы. 3 мамырда Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қапшағай атауы ресми түрде Қонаев болып өзгерді. Ресейдің ірі сауда желілері Қазақстан арқылы тауар жеткізбек. Президент кибербуллингке қатысты заңға қол қойды. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.


Қапшағай атауы ресми түрде Қонаев болып өзгерді. Ресейдің ірі сауда желілері Қазақстан арқылы тауар жеткізбек. Президент кибербуллингке қатысты заңға қол қойды. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.

Кеденде 165 миллиард теңгенің заңбұзушылығы анықталды 

Бас прокуратура Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін кедендегі тексерудің қорытындысы туралы айтты. Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару және тауарларды жалған декларациялау деректері анықталды, соның салдарынан мемлекетке 165 миллиард теңге залал келтірілді. Тек Қытаймен шекаралас кеден бекеттерінде тауарларды жалған декларациялаудың 367 дерегі белгілі болды. Уәкілетті экономикалық операторлар кәсіпкерлерді салықтан жалтару үшін соңғы екі жылда 221 миллиард теңгенің шот-фактураларын қолдан жасағаны хабарланды.

Қазақстан және Ресей ІІМ арнайы операциясы: 260 келі есірткі тәркіленді 

Қазақстан және Ресей ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі бөліністері арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде ірі трансұлттық синтетика жеткізу арнасы жойылды. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, фигуранттарға жедел әзірлеме жасау үшін ІІМ орталық аппараты, полиция департаменттері мен Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-нің тәжірибелі қызметкерлері арасынан арнайы топ құрылған. Омбы және Тараз қалаларында бір мезгілде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер Ресей Федерациясындағы синтетикалық есірткі жөнелтушісін және Қазақстанда оны қабылдап алушыны ұстаған.Полицейлер жалпы сомасы 9,5 миллионнан астам АҚШ доллары болатын 260 келі қолдануға дайын есірткіні тәркілеген

Жамбыл облысындағы сарбаздың өлімі: күдікті анықталды 

ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Жамбыл облысы Гвардейский елді мекеніндегі сарбаз Әлібек Қалбайдың қаза тапқаны туралы қылмыстық іс бойынша күдіктіні ұстады. Ол бірге шақырылған сарбаздың әріптесі болып шықты. Прокуратураның хабарлауынша, қамауға алуға куәгердің айғақтары және зорлық-зомбылық өлім белгілері бар сот-медициналық сараптаманың нәтижелері негіз болған.

Фото: Inaktau.kz

Ресейдің ірі сауда желілері Қазақстан арқылы тауар жеткізбек 

Ресейдің ірі сауда желілері "Магнит" және "Лента" бүгінде қазақстандық арналар арқылы Ресей нарығына жеткізу үшін шектелген және олардың тапшылығы туындауы мүмкін тауарларды жеткізуді қамтамасыз ету туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл бірқатар халықаралық шектеумен байланысты күрделі процесс. Бұл туралы брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді

Қапшағай атауы ресми түрде Қонаев болып өзгерді 

Қапшағай қаласының атауы ресми түрде Қонаев болып өзгерді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды. "Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес қаулы етемін: Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын", - делінген Жарлықта. Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Қазақстанда депозиттер бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме өсті 

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2022 жылдың маусымына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті. 3 және 6 айға арналған мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер, сондай-ақ 12 және 24 айға арналған мерзімді депозиттер бойынша максимал мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды және мамырдағы деңгейде сақталды. Еске салайық, 25 сәуірде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1,00 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 14 пайызға дейін көтерген болатын.

Ербол Назарбаев Антикордағы қызметінен босатылды 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бұйрығымен Е.Назарбаев агенттіктің арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Агенттік мәліметінше, Ербол Назарбаев 26 қаңтарда агенттік төрағасының бұйрығымен қызметінен босатылған. Биыл 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылды.

WBA Головкинге суперчемпион мәртебесін берді 

Қазақстандық Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша орта салмақтағы суперчемпион атанды. Головкинге бұл мәртебе ұйымның сәуірде жаңартылған рейтингінде берілген. Өткен айда қазақстандық боксшы жапон Риота Муратаны нокаутқа түсірген болатын. Олардың жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтті.

Тоқаев Ердоғанмен Анкарада кездеседі 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті. Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мән бере отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін дамытудың перспективаларын талқылады. Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10-11 мамырда Түркияға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті кеңейтудің маңызды белесі болатынын айтты. Мемлекетіміздің басшысы Анкарадағы келіссөздер осындай деңгейде өтеді деген пікірмен келісті.

Фото: akorda.kz

Мажарстан сыртқы істер министрі Тоқаевты Будапештке шақырды 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрін қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Мажарстанның саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық ынтымақтастығын дамытудың перспективалары талқыланды. Мажарстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы өз елінің Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайта  түсуге бейілді екенін жеткізді. Петер Сийарто Мажарстан басшылығының Қазақстан Президентін Будапештке сапармен келуге шақырғанын еске салды.

Фото: akorda.kz

Мемлекеттік қызмет кез келген қазақстандыққа қолжетімді болады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевты қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысына агенттіктің қазіргі атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды. Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметке кіру үшін артық кедергілер мен тосқауылдарды алып тастау және одан шығу тәртібін жеңілдету, мемлекеттік қызметтің кез келген қазақстандыққа ашық болуына қатысты ұсыныстар берді. Сонымен қатар, Президентке мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жұмыстары жөнінде айтты.

Фото: akorda.kz 

Тоқаевтың баспасөз хатшысы Президент 9 мамырда қайда баратынын айтты 

Қарулы Күштер Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының бастығы Серік Бурамбаев Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында қандай мерекелік шаралар өтетінін айтты. Оның айтуынша, 6 мамырда "Қазақстан" орталық концерт залында Жоғарғы Бас қолбасшының, Ел Президентінің барлық әскери қызметшіге, Қарулы Күштер мен соғыс ардагерлеріне, елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған құттықтауы оқылады. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталады. Мереке күндері, елді мекендерде, қарттар үйінде, ардагерлер тұратын аулаларда, сауда, ойын-сауық орындарында Қарулы Күштердің шығармашылық ұжымдарының қойылымдары өтеді.

Президент кибербуллингке қатысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды

Қазақстан Түркі академиясын орналастыру туралы келісімді ратификациялады 

Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі академиясы арасындағы Түркі академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды. Заң Халықаралық Түркі академиясының Қазақстан аумағындағы жұмысын реттеуге арналған. Атап айтқанда, академияның жергілікті және шетелдік қызметкерлері Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде аккредитациядан өтуі керек және ғимаратта Түркі кеңесі мен Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің тулары да ілінуі мүмкін. Келісім түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталған. Академияның қазіргі мүшелері - Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия. Венгрия бақылаушы мәртебесіне ие.

Путин 9 мамырда Украинаға соғыс ашады - БАҚ 

Ресей президенті Владимир Путин 9 мамырда Украинаға қарсы соғыс ашуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың CNN телеарнасы мәлімдеді. Шетелдік телеарна атап өткендей, Путин Жеңіс күнінің символдық мәнін Украинаға қарсы қолданбақ. Путин осы күні ресейлік әскердің Украинадағы жетістігін жария етеді немесе ашық соғыс қимылына барады. CNN мәліметінше, Путин 9 мамырда соғыстың басталғанын ресми хабарлап, Ресей халқын жігерлендіріп, қоғамдық пікірді өзгертуге тырысады.  

Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялайды 

Осы аптада Еуропалық комиссия, Одақтың атқарушы органы, ЕО санкциялар пакетін, соның ішінде Ресейді үлкен кіріс ағынынан айыратын шара қабылайды деп күтіледі. Бұл туралы Панама-Ситиде өткен баспасөз мәслихатында Еуроодақ сыртқы саясат ведомствосының басшысы Жозеп Боррель мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл санкциялар Ресейдің энергия экспортын шектейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети