03 мамыр 2022 14:03

Президент Тоқаев 9 мамырда "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоғын қояды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Қарулы Күштер Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының бастығы Серік Бурамбаев Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында қандай мерекелік шаралар өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарулы Күштер Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының бастығы Серік Бурамбаев Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында қандай мерекелік шаралар өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 6 мамырда "Қазақстан" орталық концерт залында Жоғарғы Бас қолбасшының, Ел Президентінің барлық әскери қызметшіге, Қарулы күштер мен соғыс ардагерлеріне, елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған құттықтауы оқылады. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталады.

"Қазақстанның барлық өңірінде даңқ мемориалдарына, әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлерге арналған ескерткіштерге, Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіштер мен обелисктерге гүл қою рәсімдері өтеді.

9 мамырда Нұр-Сұлтанда Мемлекет басшысының қатысуымен "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоқтары қойылады. Сондай-ақ осы күні еліміздің барлық қалаларында гүл шоқтары қойылып, қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіледі", - деді Серік Бурамбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Мереке күндері, елді мекендерде, қарттар үйінде, ардагерлер тұратын аулаларда, сауда, ойын-сауық орындарында Қарулы Күштердің шығармашылық ұжымдарының қойылымдары өтеді.

Серік Бурамбаев мұндай шаралар Қазақстанның барлық аймағында өтетінін айтты.

Сонымен қатар, 7 мамырда Есіл өзенінің жағасындағы қалалық саябақтың амфитеатрында Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети