03 наурыз 2020 09:18

Қазақстанда балаларға үшінші сыныптан бастап секс туралы оқыту ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда кәмелет жасына толмағандар жылына мыңға жуық аборт жасайды. Осы статистикаға байланысты мамандар балаларға төменгі сыныптан бастап секс туралы айтуды ұсынды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Акушер-гинеколог Галина Гребенникованың айтуынша, 15 жаста аяғы ауыр болған бойжеткеннің қайтыс болу қаупі ересектерге қарағанда 20 есе көп. 

Ерте жастан аяғы ауыр болу денсаулыққа ғана зиян емес, бұл өз-өзіне қол жұмсауға да әкеп соғады. Сондықтан, мұндай тақырыпты мектептен бастап қозғаған жөн, дейді мамандар. 

"Сегізінші сыныптағы анатомия деңгейінде емес, ертерек, үшінші-төртінші сыныптан бастау керек. Оны тәжірибелі педагог жүргізуі қажет. Бұл тақырып жабық күйінде қалмауы керек. Жабық тақырып қара базармен тең. Бұл "Секс жоқ" дегенмен бірдей. Ол қалай жоқ? Ол тамақ ішу, ұйықтау, өмір сүрумен бір қатарда тұр. Осылай түсіндіру керек", - дейді Қазақстан репродуктив медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети