16 наурыз 2024 14:11

Қазақстандық бітімгерлер ротасы Голан жоталарына жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Қорғаныс министрлігі Фото: Қорғаныс министрлігі

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Қазақстан аумағынан Сирия астанасы Дамаскіге ұшып барып, Фауар бітімгерлік базасына дейін автокөлікпен жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарулы күштердің әскери қызметшілері Қазақстан аумағынан Сирия астанасы Дамаскіге ұшып барып, Фауар бітімгерлік базасына дейін автокөлікпен жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Базаның орналасқан жеріне қарсы тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау жөніндегі міндеттерді орындауға арналған әскери техника мен мүлік те жеткізілді. Қазақстандық жасақтың құрамында 139 әскери қызметші бар.

Ұлттық контингенттің жеке құрамы базаға орналасып, жайғасып жатыр. Рота штабы істерді қабылдау және "БҰҰ-ның бөлінген аумақты бақылау жөніндегі күштері" миссиясы қолбасшысының резервтік ротасының функционалын нақтылау жұмысына кіріседі.

"Бәрі жоспар бойынша іске асырылып жатыр. Жексенбі күні бітімгерлерге жүктелген міндеттерді зерделеу бойынша жеке құраммен сабақтар өткіземіз, ал дүйсенбіде оларды іс жүзінде пысықтауды бастаймыз", - деді қазақстандық бітімгерлік контингентінің командирі, подполковник Жігер Аипов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети