17 желтоқсан 2023 09:26

Қостанай облысында өзен арқылы жолды кесіп өтпек болған екі ер адам суға түсіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Қостанай облысында полицейлер мұз астынан екі адамды шығарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Қостанай облысында полицейлер мұз астынан екі адамды шығарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

16 желтоқсан кешкі сағат 20:00 шамасында 31 және 51 жастағы екі жергілікті тұрғын Шортанды өзені арқылы үйге баратын жолды кесіп өтуге шешім қабылдаған. Салдарынан мұз опырылып суға түсіп кетті. Төрт полиция қызметкері оқиға орнына 4 минут ішінде жеткен.

Құтқару тростары мен жилеттер пайдаланылды. Тәртіп сақшыларына тез әрекет ету керек болды. Патрульдік полицейлер Нұрлан Шукманов пен Руслан Кужахметов мұз үстімен жорғалап, тереңдігі шамамен 6 метрлік суға секірді. Олар ер адамдарды тез арада жоғарыға қарай итеріп, қалған екі полиция қызметкері кезек-кезек барлығын судан жағаға шығарған тросты ұстап тұрды.

Ер адамдарды жедел жәрдем алып кетті. Олардың жағдайы тұрақты. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Полицейлер суға түскен формасын ауыстырып, қызметін жалғастырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети