Путин Украинамен бітім және ядролық қаруға қатысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Ресей президенті Владимир Путин Украинамен соғыста Мәскеуге ядролық қару қолданудың қажеті болмайды деген үмітте. Бұл туралы ол ВГТРК журналисі Павел Зарубинге берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин Украинамен соғыста Мәскеуге ядролық қару қолданудың қажеті болмайды деген үмітте. Бұл туралы ол ВГТРК журналисі Павел Зарубинге берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кремль басшысының айтуынша, Ресейдің мақсатына жету үшін ядролық қарудан тыс та жеткілікті күші мен құралдары бар.

"Бізді арандатқысы келді, қателікке ұрындыруға тырысты. Бірақ сіз айтқан (ядролық – ред.) қаруды қолдануға қажеттілік туындаған жоқ, әрі ондай қажеттілік болмайды деп үміттенемін. Бізде 2022 жылы басталған істі Ресей үшін қажет нәтижемен аяқтауға жететін күш пен құрал бар", – деді Путин.

Сұхбат барысында Путин Украинамен татуласу болмай қоймайтынын да атап өтті.

"Маған бұл – уақыты келгенде бәрібір болатын нәрсе сияқты көрінеді. Қанша жерден қазір ауыр кезеңді бастан өткеріп отырсақ та, бұл уақыт еншісіндегі мәселе", – деді ол.

Бұған дейін Батыс саясаткерлері Украинадағы соғыс ядролық соғыс қаупін тудыруы мүмкін екенін бірнеше рет мәлімдеген еді. Ал Путин Ресей ешқашан бірінші болып ядролық қару қолданбайды деп жауап берген, дегенмен дүниежүзінде ядролық қақтығыс қаупі өсіп отырғанын да жоққа шығармаған.

2024 жылдың күзіне қарай Путин Ресейдің ядролық доктринасын жаңартуды ұсынған болатын. Жаңа құжатта ядролық қару "тек төтенше әрі мәжбүрлі жағдайда қолданылатын тежеу құралы" ретінде сипатталады. Сонымен қатар, Путин Мәскеу Ресей мен Беларуське қарсы агрессия болған жағдайда ядролық қару қолдану құқығын өзінде сақтап қалатынын атап өткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer