26 қыркүйек 2023 19:11

Сапалы білім - тұрақты дамудың негізі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың "Әділетті Қазақстан - Адал азамат" атты ІІ отырысында сөйлеген сөзінде: "Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Осы үш бағытты рухани даму саласындағы жұмыстың мызғымас үш тағаны деуге болады. Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек... Мектеп - білімнің ғана емес, тәлім-тәрбиенің ордасы", - деп атап көрсетті.


Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың "Әділетті Қазақстан - Адал азамат" атты ІІ отырысында сөйлеген сөзінде: "Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Осы үш бағытты рухани даму саласындағы жұмыстың мызғымас үш тағаны деуге болады. Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек... Мектеп - білімнің ғана емес, тәлім-тәрбиенің ордасы", - деп атап көрсетті.

Өркениеттің өлшемі де, мемлекеттің келешегі де қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді. Адам капиталын дамытудың негізі болып саналатын білім саласына Жамбыл облысында айрықша назар аударылып келеді.

Биыл білім саласына 284,8 миллиард теңге бөлінді десек, бұл облыс бюджетінің 50 пайызынан асады. Жаңа оқу жылында 500 облыс мектептеріне 246 371 бала келген. Оның ішінде, 1-сыныпқа 23819 бала келіп, алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған. Бұл оқу жылында алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушылары 33 апта оқыса, өзге сынып оқушылары үшін оқу 34 апта. Оқушыларды оқулықтармен қамту үшін бюджеттен 3,1 миллиард теңге бөлініп, жаңа оқу жылында оқушылар оқулықпен 100 пайыз қамтамасыз етілген.

Саладағы инфрақұрылымды жетілдіре түсу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылы 25 білім нысанының құрылысы жүргізіліп, 9 мектеп және 5 мектептің қосымша құрылысы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Оның ішінде, ағымдағы жылдың 1 қыкүйегінде, яғни, білім күні Жамбыл ауданының Шоқай ауылындағы 150 орындық мектеп ашылып, балалардың игілігіне берілді. Бұдан бөлек, 17 білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 4,4 миллиард теңге қарастырылды. Сондай-ақ, 2,5 миллиард теңгеге мектептер жаңғыртылып жатыр. Бүгінге 22 модификациялық кабинеттер сатып алынды.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мәселесі де бүгінде өзекті. Облыста 573 мектепке дейінгі ұйымдарында 60 мыңға жуық бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Сонымен қатар жаңа оқу жылындағы жағымды жаңалықтың бірі - тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап еңбекақысы 30 пайызға өсті.

Қазіргі кезде саналы ұрпақ тәрбиесі - болашағымыз үшін ең асыл мұра, ең қымбат құндылық. Ұрпақ тәрбиесіне жұмсалған күш-жігер, уақыт, еңбек - болашаққа деген ең маңызды инвестиция, ең ұтымды үлес. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру - жасөспірімдер арасында заң бұзушылық пен қылмыстың алдын-алудың бірден-бір кепілі. Облыста 78 қосымша білім беру мекемелерінде 68570 оқушы, мектептегі үйірмелерде 121596 оқушы қосымша біліммен қамтылып, қамту көрсеткіші 80,3 пайыз-ды құрап отыр. Қазіргі таңда, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары мемлекеттік 690 білім беру ұйымында жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні 690 білім нысандары 100 пайыз бейнебақылау камераларымен қамтылды. Білім беру ұйымдардың 302-сі интеграцияланған, 346-сы дабыл түймесімен жабдықталған. Кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын-алу мақсатында облыстың барлық мектептері "Komek Stop Bullying" ақпараттық жүйесіне қосылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жамбыл облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети