15 сәуір 2022 10:00

Тағайындаулар, елден заңсыз шығарылған ақша. 14 cәуірде Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz Фото Tengrinews.kz

Қазақстаннан 30 жылда 100 миллиард долларға жуық қаражат шығарылған. Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды. A-parking ақылы автотұрақтар операторының директоры қамауға алынды. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.


Қазақстаннан 30 жылда 100 миллиард долларға жуық қаражат шығарылған. Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды. A-parking ақылы автотұрақтар операторының директоры қамауға алынды. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.

Сенат "кибербуллинг туралы" заң жобасын Мәжіліске қайтарды 

Сенат отырысында депутаттар жұртшылықты алаңдатып отырған "кибербуллинг туралы" заң жобасын қарады. Оның қорытындысы бойынша құжатты Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл заң жобасы қоғамда белсенді түрде талқыланғанын атап өтті. Балаларды қорғау туралы нормаларды іске асыру жөнінде азаматтық белсенділер түрлі ұсыныстар айтып, заң жобасында ұсынылған ережелерді мұқият зерделеді және келіп түскен өтініштерді ескере отырып, оның бірқатар баптарын қайта қарауды ұсынды.

Мағзұм Мырзағалиев жаңа қызметке тағайындалды 

Президенттің бұрынғы кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. 4 сәуірде Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі қызметінен босатылғаны белгілі болды.

© primeminister.kz 

Президенттің баспасөз хатшысы тағайындалды 

Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды. Руслан Желдібай 2022 жылы ақпанда премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалған еді.

© primeminister.kz   

Түлектерге аттестат тапсыру салтанаты қалай өтеді? 

Биыл қазақстандық мектептерде соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру дәстүрлі офлайн-форматта өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді. Оның айтуынша, ведомство қазіргі уақытта іс-шараларды өткізу форматы бойынша ұсыныстар дайындап жатыр.

Балабақшаларға қойылатын талап қатаңдауы мүмкін

Білім және ғылым министрлігі балабақшалардағы тексеру жүргізу тәртібін өзгертуге ниетті. Алдағы уақытта балабақшалар мен ондағы тәрбиешілерге талап күшейеді. Сонымен қатар, қандай да бір заңбұзушылық дерегі анықталса, балабақшалардың лицензиясын қайтару қажет болуы мүмкін. Бұл туралы министрлікте айтты. 

Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлерге миллион теңгеден беріледі 

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жеңіс күніне орай ардагерлерге қолдау көрсетуге уәде берді. Қала әкімдігі әрбір ардагерге миллион теңгеден бөледі. Бұл туралы қала басшысы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты. Бүгінде Алматыда 77 майдангер тұрады, оның 18-і - Бостандық ауданының тұрғыны.

"Жасыл даму" компаниясына жаңа басшы келді

Ержан Сәрсенбай Қазақстандағы утильалым операторы - "Жасыл даму" компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Айта кетейік, бұған дейін Жанат Самат басқа жұмысқа ауысуына байланысты "Жасыл даму" басшысы қызметінен кеткен болатын.

Фото: facebook.com/EcologyofKazakhstan

Нұрлан Қоянбаев Президент телерадиокешенінде жаңа қызметке тағайындалды 

Белгілі қазақстандық кино және теледидар продюсері Нұрлан Қоянбаев Президент телерадиокешенінің шығармашылық директоры болып тағайындалды. Бұған дейін Нұрлан Қоянбаев "Қазақстан" телеарнасының бас продюсері қызметін атқарған. Республикалық телеарналарда жобаларды ұйымдастыруға қатысып, "Түнгі студия" шоуының жүргізушісі болған еді.

Фото:t.me/ptrkkz

Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Фото:prokuror.gov.kz

Қазақстаннан 30 жылда қанша ақша шығарылған?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика министрінен Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанға қайтаруды жоспарлап отырған заңсыз шығарылған капиталдың шамамен сомасын атауды сұрады. Министрдің айтуынша, сыртқа шығарылған қаражаттың көлемі шамамен 100 миллиард доллар болуы мүмкін

Тоқаев АӨСШК Хатшылығының атқарушы директорын қабылдады 

Мемлекет басшысына Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының қазіргі жұмысы туралы мәлімет берілді. Биылғы 12-13 қазанда Қазақстан астанасында өтетін АӨСШК-нің VI саммитіне дайындық барысына баса мән берілді. Кездесуде АӨСШК-ні Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі толыққанды халықаралық ұйымға айналдырудың перспективалары талқыланды. Осы маңызды міндетті жүзеге асыру - Қазақстан төрағалығының басымдығы. Қайрат Сарыбай Қасым-Жомарт Тоқаевқа саммит қарсаңында Кеңеске мүше мемлекеттердің сыртқы істер ведомстволарының басшыларымен өткізген кездесулері туралы баяндады.

Фото: Ақорда

A-parking директоры қамауға алынды

Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынды. Тергеу сотының үкімі бойынша, соталды тергеу органының арызы қанағаттандырылып, екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды

Ресей Украинаға ескерту жасады

Ресей аумағында диверсия әрекеттері жалғаса берсе, Ресей Украинаның шешім шығару орталықтарына соққы жасайды. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы генерал-майор Игорь Конашенков айтты. Ол Киевке де соққы жасалуы мүмкін екенін жеткізді. Ресей әскері бұған дейін мұндай әрекетке бармаған

АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек жолдайды 

АҚШ президенті Джо Байден Украина басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп, Киевке жаңа әскери көмек беретінін айтты. Оның сөзінше, Вашингтон "қару-жарақ, оқ-дәрі және Украинаның қауіпсіздік саласына басқа да көмек түрінде" қосымша 800 миллион доллар бөледі. Байден АҚШ Киевке жаңа көмек аясында бұрыннан жеткізіліп жүрген қару-жарақ пен әскери техникадан бөлек, бронтранспортерлерді, артиллериялық жүйелер мен снарядтарды қоса алғанда "жаңа құралдарды" жіберуге ниетті екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети