06 сәуір 2022 10:11

Үкімет шетелдегі капиталды қалай қайтарады? 5 cәуірде Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Үкімет шетелдегі капиталды қалай қайтарады? Денсаулық сақтау министрі елдегі коронавирус туралы жаңа мәлімдемесінде не айтты? Тоқаевтың америкалық беделді журналда жарияланған материалында қандай мәселелер көтерілді? Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 


Үкімет шетелдегі капиталды қалай қайтарады? Денсаулық сақтау министрі елдегі коронавирус туралы жаңа мәлімдемесінде не айтты? Тоқаевтың америкалық беделді журналда жарияланған материалында қандай мәселелер көтерілді? Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

Жұмыссыздық деңгейі қай өңірде жоғары?

Жұмыссыздар саны бір жылда 0,6 пайызға - 450 мың адамға дейін азайған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 2,6 пайызға артқан еді. Өңірлер арасында жұмыссыздық деңгейі бойынша Түркістан облысы мен Алматы көш бастап тұр. Бұл өңірлерде - 5,1 пайыз. Олардан кейін Шымкент пен Батыс Қазақстан облысы тұр. Онда - 5 пайыз. Жұмыссыздардың көп бөлігі Алматы мен Алматы облысында тұрады. Бұл өңірлерде жұмыс іздеп жүргендер 100 мыңнан асады.

Ұлттық қордан түсетін трансферт 1,6 триллион теңгеге артады

Президенттің Үкімет алдына қойған міндеттерін іске асыру және республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылға бекітілген Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін 4 триллион теңгеге немесе 1,6 триллион теңгеге дейін ұлғайтып, оны түзету ұсынылады. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың сөзінше, Қазақстан экономикасының өсу болжамы 3,9-дан 2,1 пайызға төмендеген. Атаулы ЖІӨ 91,5 триллин теңгеге бағаланып отыр, бұл бекітілген болжамнан 4,5 триллион теңгеге жоғары.
 
Қазақстан экспорты мен импортына инфляция қалай әсер етіп жатыр?

Ұлттық банктің болжамы бойынша экспорт 72,2 миллиард долларға дейін өседі. Импорт 40,2 миллиард доллар болады. Инфляция 8-10 пайыз дәлізінде анықталады.

Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде бюджет кірісінің болжамы нақтыланды. 2022 жылы республикалық бюджеттің кірісі 10,1 триллион теңгеге бағаланып отыр, бұл бекітілген жоспардан 955 миллиард теңгеге жоғары. Кірістер бойынша негізгі өсім мұнайдың болжамды бағасының өсуі, теңгенің долларға қатысты бағамының өзгеруі және макроэкономикалық көрсеткіштердің артуы есебінен корпоративтік табыс салығы аясында баж мөлшерлемесінің артуы есебінен мұнайға экспорттық кедендік баж бойынша күтіледі.

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі төмендейді

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі жыл қорытындысы бойынша екі миллион баррельге төмендейді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. Бұған дейін 2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру деңгейі 87,5 миллион баррель болатыны жоспарланған еді.

Үкімет шетелдегі капиталды қалай қайтарады?

Премьер-министр Әлихан Смайылов капиталды шетелден елге қайтару және елімізден қаражат шығарылуына қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды күшейту жөнінде кеңес өткізді. Оның өкімімен комиссия және оның аясында бес жұмыс тобы құрылды. Жұмыс топтары ақшалай қаражаттың жылыстауы бойынша талдау жүргізіп, капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру, шектеу шараларын енгізу, шығарылған капиталды қайтару шараларын қабылдауға байланысты тиісті ұсыныстарды әзірлейді

Фото:primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі елдегі коронавирус туралы жаңа мәлімдеме жасады 

Ажар Ғинияттың сөзінше, Қазақстанда ауру азайды, эпидемиологиялық жағдай жақсы. Дегенмен, ол әлемде жағдай әлі де тұрақсыз екенін айтып, азаматтарға COVID-19-ға қарсы вакцинаны уақытылы алуға кеңес берді

Алматы облысында қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқан 11 адам ұсталды 

20-39 жас аралығындағы күдіктілер облыстың әр ауданында ұсталған. Олардан бұрын тәртіп сақшыларынан ұрланған атыс қаруы, арнайы қорғаныс құралдары мен оқ-дәрілер тәркіленген. Ұсталғандар видео арқылы расталған. Бейнебақылау камераларына күдіктілердің облыс әкімдігі мен қалалық полиция ғимараттарын басып алуға қалай қатысқаны, сондай-ақ тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлерге күш қолданғаны түсіп қалған.

KASE доллар бойынша таңғы сауда қорытындысын жариялауды тоқтатады

Қазақстан қор биржасы сағат 11.00-дегі сауда қорытындысын жариялау тоқтатылатынын хабарлады. USDKZT_TOM 15.30 және 17.00-дегі жағдай бойынша, KASE сайтында стандарт режимде жарияланады

"Дикий Арманның" қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды

4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді

Тоқаев Өзбекстан президентімен сөйлесті 

Президенттер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың және аймақтық кооперацияны кеңейтудің перспективаларын талқылады. Екі ел басшылары сауда-экономикалық және өзара мүддені көздейтін басқа да салалардағы ынтымақтастықты жандандыруға ерекше назар аударды. Айта кетейік, Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан тарапы бастамашы болды.

Фото: Ақорда

Фермерлердің көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемі 2 есе ұлғаяды

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевті қабылдады. Министр Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Атап айтқанда, фермерлердің көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайындығы туралы хабардар етті. Ведомство шаруалардың жанар-жағармай, тыңайтқыш, тұқым қорларымен қамтамасыз етілгендерін және техникалардың дайындығын қайта тексерді. Президент осы бағыттағы қаржыландыру көлемін 2 есе ұлғайту туралы шешім қабылдады. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта шаруашылықтар көктемгі егіс науқанына толық дайын.

Тоқаев жылу энергетикалық нысандарда жиілеген апаттармен күресуді тапсырды

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Президентке газ саласын дамытудың кешенді жоспарының пысықталу барысы туралы баяндады. Аталған жоспар халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтары үшін бағаны ұстап тұруды ескере отырып, сұйытылған газға баға белгілеу ісін жетілдіруді, ресурстар базасын ұлғайтуды, өңірлерді одан әрі газбен қамтамасыз етуді, Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін жаңғыртуды және кеңейтуді көздейді. Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министріне еліміздегі жылу энергетикалық нысандарда апаттардың жиілеп кетуіне, атап айтқанда, Петропавлдағы екінші ЖЭО-дағы жағдайға қатысты мәселемен айналысуды тапсырды.

Фото: Ақорда 

Америкалық беделді журналда Тоқаевтың мақаласы жарияланды 

АҚШ-тың беделді The National Interest журналында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді" (Turbulence Across Eurasia Will Not Slow Kazakhstan’s Progress) атты мақаласы жарияланды. Президент бұл мақаласында қасіретті қаңтар оқиғасының қайталануына жол бермеу және өзінің басшылығымен қабылданып жатқан шаралар жөніндегі Қазақстанның жоспары туралы айтады. Бұл шаралар демократиялық өзгерістерді ілгерілетуге, ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Еуразия кеңістігінде бейбітшілікті, ашықтықты және өркендеуді сақтау жолдары туралы пікірін ортаға салады.

Жаңаөзен қаласының әкімі тағайындалды 

5 сәуірде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Мақсат Ибағаровтың орнына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Президент Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат Айбек Қосуақов болды. Ол 2020 жылдың қаңтарынан бастап осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі қызметін атқарған.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

АҚШ Ресейді дефолтқа жеткізбек 

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ресейдің АҚШ банктеріндегі тәуелсіз қарызы бойынша доллармен төлем жүргізуге тыйым салады. АҚШ Ресей үкіметіне америкалық банктердегі 600 миллион доллардан аса резервтерді төлеуді тоқтатты, бұл Мәскеуге қысымды күшейтіп, оның АҚШ долларындағы қорын азайтуы керек. Тыйым 4 сәуірде күшіне енгені көрсетілген. Reuters мәліметіне сүйенсек, егер Ресей алдын ала белгіленген мерзімде облигациялар бойынша алдағы төлемдердің ешқайсын жасамаса немесе доллар, еуро немесе басқа валюта көрсетілген келісімде рубльмен төлем жасаса, бұл дефолтты білдіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети