Балаларға арналған "Жануарлар - менің Достарым!" атты сурет байқауы жарияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ҚР Бала құқықтары жөніндегі Уәкілдің бастамасымен Қазақстан Республикасының Президентінің қамқорлығы аясында "Жануарлар - менің Достарым!" атты балаларға арналған сурет байқауы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Бала құқықтары жөніндегі Уәкілдің бастамасымен Қазақстан Республикасының Президентінің қамқорлығы аясында "Жануарлар - менің Достарым!" атты балаларға арналған сурет байқауы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шара Біріккен Ұлттар Ұйымының ТДМ және қоршаған ортаға байланысты БҰҰ Бағдарламасының, ҚР Білім және ғылым министлігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және "Балалар Әлемді Бейнелейді" Қоғамдық Қорының қатысуымен ұйымдастырылады.

Жұмыстар 2020 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін қабылданады. Қазылар алқасы жұмысы мен нәтижелерін 5 шілдеде шығарады. 

Байқау Қазақстан бойынша өтеді. Жалпы 6 мен 17 жас аралығындағы балалары мен жастары қатыса алады. 

Бүкілқазақстандық экологиялық суреттер байқауының тақырыптары:

Менің сүйікті үй жануарым;

Қаладағы жануарлар;

Барлық жануарға баспана керек;

Менің үй жануарым питомниктен алынған;

Балалар бұралқы жануарларға мейіріммен қарауға шақырады.

Байқау шарттары келесідей:

Бейнелеу өнерінің кез келген техникасында жасалған жұмыстар қабылданады;

Кез келген материалмен жасалған жұмыстар (қарындаш, фломастер, акварель, гуашь, тушь, пастель, майлы бояумен, акрил және тағы басқа);

Жұмыстың мөлшері А1, А2, А3, А4. Стандартты емес мөлшердегі жұмыстар да қабылданады;

Жұмысқа автор өзі туралы мәліметтер көрсете отырып, қол қоюы тиіс;

Жұмысты автор толықтай өзі жасаған тұпнұсқа болуы қажет;

Бір автордың бірден үшке дейін жұмысыі қабылданады.

Жеңімпаздар категориялары:

I, II, III орындар. 6 мен 8 жас аралығындағы категория

I, II, III орындар. 9 мен 11 жас аралығындағы категория

I, II, III  орындар. 12 мен 14 жас аралығындағы категория

I, II, III  орындар. 15 мен 17 жас аралығындағы категория

Байқауға қатысып,  жүлделі орындарға ие бола алмаған балалар "Байқауға қатысты" деген электронды сертификаттар алады. Ал жеңімпаздар 2020 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласына салтанатты марапаттау рәсіміне шақырылады. Жол ақысын әкімшіліктер мен ұйымдастырушылар мойындарына алады. Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Шараның бас әріптесі EDUStream компаниясы супер-сыйлық ұсынады - Жеңімпаз өз жұмысын Австрияның Вена қаласындағы байқауға алып барады (короновирус эпидемиясы аяқталғаннан соң), ал ынталандыру сыйлықтары ағылшын тілін үйренуге арналған тамаша кітаптар.

Сондай-ақ, жеңімпаздарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен өзге де демеушілердің сыйлықтары табыс етіледі. Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалау үшін ұйымдастыру комитеті құрамына белгілі өнер және мәдениет қайраткерлері енген қазылар алқасын бекітеді.

Байқау жеңімпаздарының жұмыстары еліміздің барлық аймағындағы билбордтарға орналастырылады (тамыз-қыркүйекте). Жеңімпаздарды жариялау, марапаттау 10 шілдеде болады. 

Жұмыстар тұпнұсқа түрінде мына пошталық мекенжайда қабылданады: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050026, Әуезов көшесі, 14а үй "Балалар Әлемді Бейнелейді" Қоғамдық Қоры және де [email protected] поштасына жолдауға болады. Толығырақ: www.alembala.kz

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.37  course up  610.36  course up  6.7  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer