KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 366,16 теңгеге тең болды

14 Қаңтар 2016, 11:25
6
KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 366,16 теңгеге тең болды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 366,16 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2016 жылдың 14 қаңтарындағы таңғы сессия 366,18 теңгемен басталды. Саудада ең төменгі баға 363 теңге, жоғарысы 369,9 теңге болды. Сауда көлемі 41,5 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, доллар ақша айырбастау орындарында 365,5 - 367 теңге аралығында сатылып жатыр.

Еске сала кетейік, доллар 30 желтоқсаннан бері тоқтаусыз өсіп, кеше қайтадан арзандай бастаған еді. 13 желтоқсан күні таңғы сессия 366,54 теңгемен жабылса, күндізгі сессия кезінде бағам 363,8 теңгеге дейін түсті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (6)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай