03 қараша 2015 17:35

Доллар бағамы тарихи рекордқа жетіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 283,23 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл көрсеткіш тарихи рекордтан бар болғаны 2,5 теңгеге төмен, 2015 жылы 16 қыркүйекте доллар бағамы 285,77 теңге болған еді.


KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 283,23 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл көрсеткіш тарихи рекордтан бар болғаны 2,5 теңгеге төмен, 2015 жылы 16 қыркүйекте доллар бағамы 285,77 теңге болған еді.

Кешкі саудада бірінші келісім 282,85 теңгемен жасалды. Ең төменгі баға да осы. Ал ең жоғары баға - 285,16 теңге. Сауданың жалпы көлемі 11 миллион долларға жетті. Саудаға валюта нарығының 10 мүшесі қатысты.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 3 қарашасында KASE таңғы сессиясы бойынша доллар бағамы 282,7 теңгеге тең болды. Саудаға валюта нарығының 21 мүшесі қатысты. Сауда көлемі 134,5 миллион доллардан асты. Айта кетейік, кеше, 2 қарашада ҚР Ұлттық банктің төрағасы ауысты. Қайрат Келімбетов отставкаға кетіп, орнына Данияр Ақышев келді. Сарапшылар Келімбетовтің өзіне жүктелген міндетті толықтай орындап шыққананын айтты.

Доллар бағамы тарихи рекордқа жеткенде ҚР Ұлттық банкі доллар бағамын төмендетуге қатысты шараларды қолға алды. Интервенциялар жүргізілді. Кейін Қазақстанның валюта нарығында 2015 жылдың 31 қазанына дейін кемінде 3 миллиард АҚШ доллары сатылады деп жоспарланғаны анықталды. Бағам ұзақ уақыт бойы 270-280 теңге деңгейінде сақталды. Айта кетейік, Ұлттық банктің өкілдері бұған дейін интервенциялар туралы сауда күнінің соңында хабарлап отыруды уәде етті. Алайда дүйсенбіден бері бағам шарықтап келе жатса да интервенциялар туралы сөз болған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети