иллюстрация ©Алаш айнасы
Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген алқа мәжілісінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2014-2015 жылдары отандық экономикаға бір триллион теңгені ұзақ мерзімді несиелер ретінде шығаруды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бұл ақша тесіктерді жамау үшін емес, шағын және орта бизнеске өнім өңдеу саласын дамыту үшін беріледі", - дейді Н.Назарбаев. Президент атап көрсеткендей, қосымша қаржы индустриализацияның басымды бағыттары бойынша бөлінеді. Оның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын жобалар да бар. Басты талап - нақты өнім шығару. Мемлекет басшысының ойынша, бір триллион теңгені екі-үш есеге арттыруға болады. "Ол қаражатты халықаралық институттармен бірлесіп құю қажет. Біз Халықаралық валюта қорымен сөйлестік. Қазір Дүниежүзілік банк, Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі - барлығы осыны естіген кезде, бірлесіп қаржы құйып, Қазақстанға келуге келісті. Демек, дұрыстап жұмыс істесек, біздің триллионымыз екі-үші есеге өсе алады", - деді Президент. Осыған орай, Н.Назарбаев Үкімет пен Ұлттық банкке барлық мәселелерді зерделеп, ақпанның 20-сына дейін бұл бастаманы іске асыру механизмдерін ұсынуды тапсырды.
Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген алқа мәжілісінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2014-2015 жылдары отандық экономикаға бір триллион теңгені ұзақ мерзімді несиелер ретінде шығаруды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл ақша тесіктерді жамау үшін емес, шағын және орта бизнеске өнім өңдеу саласын дамыту үшін беріледі", - дейді Н.Назарбаев. Президент атап көрсеткендей, қосымша қаржы индустриализацияның басымды бағыттары бойынша бөлінеді. Оның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын жобалар да бар. Басты талап - нақты өнім шығару.
Мемлекет басшысының ойынша, бір триллион теңгені екі-үш есеге арттыруға болады. "Ол қаражатты халықаралық институттармен бірлесіп құю қажет. Біз Халықаралық валюта қорымен сөйлестік. Қазір Дүниежүзілік банк, Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі - барлығы осыны естіген кезде, бірлесіп қаржы құйып, Қазақстанға келуге келісті. Демек, дұрыстап жұмыс істесек, біздің триллионымыз екі-үші есеге өсе алады", - деді Президент.
Осыған орай, Н.Назарбаев Үкімет пен Ұлттық банкке барлық мәселелерді зерделеп, ақпанның 20-сына дейін бұл бастаманы іске асыру механизмдерін ұсынуды тапсырды.