01 қараша 2019 15:20

Вице-министр: Қолданыстағы кассалардың 94 пайызы онлайн режимінде жұмыс істейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев онлайн бақылау-кассалық машиналарын (БКМ) қолдану және бизнеске арналған салық жеңілдіктері туралы айтып берді, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бүгін ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев онлайн бақылау-кассалық машиналарын (БКМ) қолдану және бизнеске арналған салық жеңілдіктері туралы айтып берді, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Руслан Еңсебаев атап өткендей, "көлеңкелі экономикамен" күресу Қазақстан Үкіметінің негізгі міндеттерінің бірі. Мемлекет басшысы Жолдауында шағын және микробизнесті табыс салығынан босату қажеттігін айтқан болатын. 

"Сонымен қоса, бизнестің адал және ашық болуы керектігі туралы айтылды, бұл қазіргі нарықтық экономика үшін аса маңызды. Қаржы министрлігі көлеңкелі айналымдарды шығару бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Сауда мен қызмет көрсету нарығы көлеңкелі айналым үлесі тым басым салалар", - деді вице-министр.

2014 жылы Дүниежүзілік банкпен салықтық әкімшілендіруді реформалау жобасы бойынша бірлескен жұмыс шеңберінде халықаралық сарапшылардың ұсыныстарына сәйкес онлайн-кассалық машиналарды пайдалану нормалары жасалып, қабылданды.

Онлайн-БКМ енгізу және мониторинг жүйесіне қосылу 2015 жылдың шілдесінен бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда: 

Онлайн-БКМ-ды өз есеп айырысуларында қолдана бастаған алғашқы субъектілер жанар-жағар май, дизель отынын, алкоголь өнімдерін бөлшек сатушылар болды.

2016 жылдың басынан бастап компьютерлік техника, жиһаз сатушылары, қонақ үйлер, кинотеатрлар, шаштараздар, мейрамханалардың иелері, құрылыс материалдарының көтерме сатушылары жаңа талаптарға сәйкес сауда жүргізіп, қызмет көрсетуге міндетті.

2018 жылдан бастап онлайн-БКМ пайдалануға міндетті тұлғалар тізімі сауда және ломбардтар саласындағы кәсіпкерлік субъектілерімен толықтырылды.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн-БКМ қолдануға көшудің соңғы кезеңі басталды. Ашық сауда орындарындағы тұрақсыз орын арқылы жұмыс істейтін кәсіпкерлер қосылды. Бұл шамамен 15 мың салық төлеуші.

"Бүгінгі таңда тіркелген кассалар саны 535 мың, оның ішінде онлайн БКМ - 505 мың. Қолданыстағы барлық кассалардың 94 пайызы онлайн режимінде жұмыс істейді", - деді Руслан Еңсебаев.

Бұл ретте онлайн режимінде жұмыс істейтін стационарлық кассалар саны - 333 мың, ал 38 мыңы - жаңа, заманауи, мобильді жобалар. 

2020 жылдың 1 қаңтарында патент негізінде жұмыс істейтін субъектілер мен бірыңғай жер салығын төлеушілерге онлайн-БКМ қолдану міндеттеледі. Бұл шамамен 513 мыңға жуық салық төлеушілер. Оның ішінде 76,6 мыңы бүгінгі таңда бақылау-кассалық машиналарды қолданып отыр. Осылайша, қазіргі таңда 436 990  патенттеушілер мен КШ 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға міндетті, олармен осы соңғы екі айда БКМ есепке алу бойынша жұмыстарды жүргізу қажет. 

Қазіргі кезде бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне онлайн кассалардың 85 моделі енгізілген, оның ішінде 15 модель мобильды құрылғыларда жұмыс істейді және БКМ қойылатын заңнаманың барлық талаптарына сай келеді, сонымен қатар отандық әзірлеушілердің өнімі болып табылады. 

Сонымен қатар Руслан Еңсебаев салықтан босату және КБМ қолдану бір-бірінен босатпайтынын айтты. 

"Жуырда қаржы министрі Әлихан Смайылов осы мәселеге түсінік бергенінде, шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жарияланғанына және оларға салық салудың тоқтатылуына қарамастан, кәсіпкерлер заңнамада белгіленген талаптарды сақтау міндеттемесінен босатылмайтынын, оның ішінде БКМ қолдануы да керектігін айтқан болатын. Тағы да айта кетейін, салық декларацияларын ұсыну үшін табыс есебін жүргізу бойынша міндеттемелер тоқтатылған жоқ. БКМ қолдану сатушы үшін де, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатушылар үшін де қажет", - деді қаржы вице-министрі.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети