25 мамыр 2020 19:27

Болат Мажағұлов Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Болат Мажағұлов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Болат Мажағұлов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Болат Бауыржанұлы Мажағұлов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Болат Мажағұлов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1999 жылы Астана қ. мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінің бірінші санатты әртісі болып тастаған. 

2002 жылдан 2007 жыл аралығында Мемлекеттік филармонияда, «Ұлан» ұлттық гвардиясында, Астана қ. «Наз» мемлекеттік халық театры» МКҚК еңбек етті.  

2007-2008 жылдары Астана қ. Мәдениет басқармасының құрылымында жұмыс істеді.

2009 жылдан 2010 жыл аралығында Астана қ. Бейбітшілік және келісім сарайының директоры болды. 

2010 жылдан 2015 жыл аралығында Астана қ. Мәдениет басқармасын басқарды. 

2015-2018 жылдары — Астана қ. Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы. 

2018-2019 жылдары — Астана қ. Мәдениет және спорт басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 

2019 жылдың 29 шілдесінен бастап қазірге дейін Нұр-Сұлтан қ. ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбек етті. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети