07 наурыз 2023 11:37

Қайсар Сұлтанбаев ІІМ ӘПК төрағасы болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайсар Сұлтанбаев Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басшысы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қайсар Сұлтанбаев Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басшысы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов министрлік басшылығына Әкімшілік полиция комитетінің төрағасын таныстырды. Президент Әкімшілігімен келісе отырып, ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша, ІІМ ӘПК төрағасы қызметіне полиция полковнигі Қайсар Сұлтанбаев тағайындалды.

Сұлтанбаев былтырғы қыркүйектен бері Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарған. Басқарма басшысы жаңа басшының түрлі жауапты қызметтердегі мол тәжірибесін, жоғары кәсібилігін атап өтті.

"Жаңа басшыны таныстыра отырып, министр қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, полиция жұмысының орталықтандырылған моделіне көшудің және полиция қызметіне сервистік тәсілдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті", - деді Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети