04 желтоқсан 2014 17:05

Ресей әскері сыпайы, бірақ айбатты - Владимир Путин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путиннің Федералдық Жиналысқа арнаған жолдауы. РФ ©РИА Новости Путиннің Федералдық Жиналысқа арнаған жолдауы. РФ ©РИА Новости

"Ресей әскері сыпайы, бірақ айбатты, одан асып түсу мүмкін емес", - деді Федералдық Жиналысқа арнаған жолдауында Ресей президенті Владимир Путин. Жолдауды "Россия 1" телеарнасы трансляциялады.


"Ресей әскері сыпайы, бірақ айбатты, одан асып түсу мүмкін емес", - деді Федералдық Жиналысқа арнаған жолдауында Ресей президенті Владимир Путин. Жолдауды "Россия 1" телеарнасы трансляциялады.

Президенттің айтуынша, Ресей отан қорғауда зор мүмкіншіліктерге ие және сол қабілетті сақтау үшін кез келген қалыпсыз шешімдерді қабылдай алады. Владимир Путин РФ әскерінен асып түсу ешкімнің қолынан келмейді деп мәлімдеді. "Біздің әскер заманауи, соғысқа қабілетті, қазіргі тілмен айтқанда сыпайы бірақ айбатты. Бостандығымызды қорғау үшін бізде күш те, жігер де, батылдық та жетеді", - деді президент.

Владимир Путин Ресей әлемнің сан алуандығын сақтап қалатынын, шетелдегі адамдарға шындықты жеткізіп, іскерлік және гуманитарлық қатынастарды, ғылыми, білім беру мен мәдени байланыстарды ілгері жылжытып отыратынын айтты. "Мұның барлығын тіпті өзге елдердің үкіметі РФ төңірегіне жаңа темір шымылдырық құрмақ болса да сақтап қаламыз", - деп нақтылады президент.

Сонымен қатар, Владимир Путин АҚШ құрастырған зымыран қаруынан қорғануға арналған стратегия тек Ресей үшін ғана емес Еуропа елдері мен АҚШ-тың өзі үшін де қауіпті екенін мәлімдеді, себебі бұл орындалмайтын қауіпті иллюзия туғызады. "Зымыран қаруынан қорғану туралы келісімшарттан 2002 жылдан бастап АҚШ біржақты шыққалы бері ЗҚҚ стратегиясын құру жұмыстары табандылықпен жалғасып келеді. Бұл тек Ресейдің қауіпсіздігіне қатер төндіріп тұрған жоқ, сонымен қатар бүкіл әлемдік күш теңгерімін бұзады. Бұл АҚШ үшін де қауіпті. Біз жаппай қару шығаруға ниетті емеспіз, бірақ отан қорғау үшін жаңа талаптардың барлығы бойынша қамтамасыз етуге нық дайынбыз. Бұған күмәніміз жоқ, ол солай болады, себебі Ресейдің қалыпсыз шешімдері бар", - деді Владимир Путин.

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети