16 мамыр 2017 14:14

Алдағы жылдары болатын жаһандық апаттар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gradremstroy.ru © gradremstroy.ru

RealLifeLore YouTube-арнасы алдағы миллиард жылда болатын апат жағдайларына байланысты видео жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


RealLifeLore YouTube-арнасы алдағы миллиард жылда болатын апат жағдайларына байланысты видео жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Сегіз мың жылдан кейін жыл көрсетуде төрт сан ғана қолданылатындықтан, он мың жылдықты белгілеуде қиындық туады. 

50 мың жылдан кейін қайтадан мұз дәуірі болады да, Наиагара сарқырамасы жоғалады. 500 мың жыл ішінде Жерге аумағы бір шақырым болатын астероид соқтығысады. Ал одан кейін супержанартау атқылайды. Ол уақытқа дейін Бетельгейзе жұлдызы жаңа ғаламшарға айналады. 

50 миллион жылдан кейін Фобос серігі Марс бетіне құлайды, ал жүз миллион жылдан кейін оған аумағы 10 шақырым астероид соғылады және Сатурн сақинасынан толық айырылады. 400-500 миллион жылдан кейін Жердің озон қабатын жойып жіберетін гамма-жалын болады. Күн жарық бола түсіп, климат өзгереді. Көмірқышқыл газы күрт азаяды, мұның салдарынан фотосинтез мүмкін болмай қалады. Ақыры миллиард жылдан кейін қуатты буланудан Жер бетіндегі мұхиттар құрғап кетеді делінеді болжамда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети