03 наурыз 2022 14:27

Ағайынды Жүгінісовтерде той: Мұхамедәлінің сүйіп қосылған жары кім?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж: Tengrinews.kz Коллаж: Tengrinews.kz

Кеше, 2 наурызда ағайынды Жүгінісовтердің бірі Мұхамедәлі үйлену тойын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кеше, 2 наурызда ағайынды Жүгінісовтердің бірі Мұхамедәлі үйлену тойын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Анасы Айнұр Жүгінісова тойдан видео, суреттерді Instagram-дағы аккаунтына жүктеп отырды. Суреттерге қарап қалыңдықтың есімі Медина екенін көруге болады. 

"Балалықпен қоштасып,шаңырағымызға жылуы мен нұрын шашып келген, бала келінім келген қадамыңа нұр бітсін! Той қазақтың қазынасы! Әр отбасыға той мен қуаныш көруді жазсын. Жұғысты болсын", - деп жазды Айнұр Жүгінісова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айнур Жугунусова (@ainur_zhugunussova)

Той қуанышын бөлісуге Қазақстанның эстрада жұлдыздары Мақпал Жүнісова, Қарақат Әбілдина, Қыдырәлі Болманов, Майра Ілиясова, Ұлықпан Жолдасов, Алтынай Жорабаева келді. Танымал шоумен Тұрсынбек Қабатов та жүр.

Қонаққа келген әншілерден ән шашу болды. Ағасы Мирас Жүгінісов те кішігірім концерт ұйымдастырып, хит болған әндерін орындады.

Мұхамедәлі де қалыс қалмай, Ed Sheeran-нің Perfect әнін орындап, қалыңдығымен вальс билейді. 

Сурет: instagram.com/meruertzharaspaeva

Видеоларға қарағанда күйеу жолдас пен қыз жолдас жоқ екенін көруге болады. 

Сурет: instagram.com/zangar_ablay

Сондай-ақ, тойда ерекше салт жасалған: той кезінде Медина қонақтардың алдында бауырсақ пісірген. 

"Жан-жақтан келген нәрселерден арылып, өзіміздің дәстүрді жалғастырайық деген ниетпен жас келін отқа май құйып, майдың иісін шығарып, үлкен аналарына нан пісіріп берсін деген ниетпен осы үрдісті енгізіп жатырмыз", - деді Айнұр Жүгінісова.


Сурет: instagram.com/meruertzharaspaeva

Былтыр қыркүйекте Мұхамедәлі Жүгінісов отау құрғаны белгілі болған еді. Оның қалыңдығымен түскен суреті Желіде тараған. Кейін Мирас Жүгінісов те сұхбатында інісі үйленгенін айтқан еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети