22 наурыз 2018 18:28

Әншілер қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Баршамыз асыға, қуана күтетін көктемнің шуақты мейрамы Наурыз елімізде түрліше тойланып жатыр.


Баршамыз асыға, қуана күтетін көктемнің шуақты мейрамы Наурыз елімізде түрліше тойланып жатыр.

21 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та мерекелік шараларға қатысып, халқына ақ тілегін жеткізген болатын.

"Барша қазақстандықты шуақты мейрам Наурызбен құттықтаймын. Бұл көктемнің, жаңарудың, гүлденудің мерекесі. Бұл мейрамды қуана күтеміз. Күн мен түн теңеледі, қыс аяқталып, көктем мен жаз басталады, бүкіл табиғат жаңарады. Атам заманнан бері біздің халық бұл мерекелерді күткен, біріне бірі қонаққа барған, бар өкпені ұмытқан, ағаш отырғызған, үйінің, ауылының маңын тазалаған, жинастырып, жазға, жаңаруға және Жаңа жылға дайындалған", - деді Президент.

Ендігі құттықтаулардың кезегін Instagram желісі арқылы қалың жұртшылыққа ақ тілегін жаудырған қазақстандық эстрада жұлдыздарына берсек:

Сәкен Майғазиев:

"Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ұлы дала елі! Ұлық Алла егемен елімізге нұр-шапағатын төге бергей. Дұға, тілектеріміз қабыл болғай".

Мейрамбек Беспаев:

"Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз барлық жақсылық пен берекенің бастауы болсын! Алла отбасымыздың қуанышы мен еліміздің қуанышын еселей берсін. Наурыз құтты болсын!".

Маржан Арапбаева:

"Наурыз мерекесі құтты болсын ағайын!!!! Құт-береке, молшылық пен табыстарға толы болсын жаңа жылымыз!!! Әр үйде тек қуаныш пен той болсын!!! Наурыздан наурызға аман-есен жете берейік!!!".

Димаш Құдайбергенов:

"Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы - көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға - береке, халқымызға - игілік, мемлекетімізге - молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз. Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!".

Мәдина Сәдуақасова

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети