11 мамыр 2022 11:15

"Ардан безгендер!" Ерке Есмахан өзі туралы хабар таратқандарға ашуланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: erke_esmahan/Instagram Фото: erke_esmahan/Instagram

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желілерде өзін "өлді" деп хабар таратқандарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желілерде өзін "өлді" деп хабар таратқандарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл турал Ерке Есмахан Instagram желісінде жазды. Әнші Stories-те жариялаған суреттен "Соңғы сапарға шығарып салды" деген тақырыппен шыққан видео кадрын көруге болады. Оған Ерке Есмаханның ақ-қара түсті суреті де қойылған және мұның бәрі танымал телеарна эфирінде көрсетілгендей етіп жасалған. Ал видео сипаттамасында "Ерке Есмахан енді жоқ" деп жазылған.

"Мына қасиетсіз, тәрбиесіз инста, ютуб порталдарға не істеуге болады, а? Не деген Құдайдан қорықпайтын адамдар? Өсек, өтірікті қойып, өздері өлмейтіндей неге бұндайды жасайды? Ата-анасы, бауыр, балалары жоқ адамдар ма? Біреуге өлім тілегенше, өздеріңе бақытты өмір тілесеңдерші! Лайк, пікір, оқырман үшін ардан безгендер! Осылай жазуға, суретті осылай салуға қалай Алладан қорықпай дәттерің барады?!" - деп жазды әнші. 

Сондай-ақ, Ерке Есмахан ашуланғанын жасырмай, мұндайды бұрынғы заманмен салыстыруға келмейтінін баса айтты.

"Өмір жасың ұзақ болады Ерке, ашуланба дегенге жатпайды мұндай! Ол бұрынғы заманда қателесіп ауыл-аймаққа естіртіп жіберсе, ой кешір, өмір-жасың ұзақ болсын деп қателескендерін жуып-шайған! Ал мынау таза адамдарың қолдан жасап отырған дүниесі! Алладан безген ақымақтар! Күннен күнге адамдардың пейілі мен лас ойлары мені таңғалдырады! Бір Аллаға тапсырамын!" - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін әнші соңғы күндері денсаулығы сыр беріп жүргенін, содан отаға жататынын айтып, оқырмандарынан тілекші болуды сұраған еді. Кейін ол ота сәтті жасалғанын айтып, үйіне оралғанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети